Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!


ұйымында білім алушыларды 2017 ж. 01 наурыз бен 25 мамыр аралығында және 01 қыркүйек пен 29 желтоқсан аралығында тамақпен қамтамасыз етуді көздейді.

Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

1)      осы конкурстық құжаттаманың 1- қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2)      осы конкурстық құжаттаманың 3- қосымшасына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау конкурстық құжаттамасына техникалық тапсырманы;

3)      осы конкурстық құжаттаманың 4,5- қосымшаларындағы нысандарға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінішті;

4)      осы конкурстық құжаттаманың 6- қосымшасындағы нысанға сәйкес әлеуетті қызмет ұсынушынің біліктілігі туралы мәліметті;

5)      осы конкурстық құжаттаманың 7,8- қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызмет немесе тауар берушіні таңдау критерийлерінің тізбесін;

6)      осы конкурстық құжаттаманың 9- қосымшасына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырубойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді беру туралы Үлгі шартын қамтиды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті қызмет ұсынушы конкурсқа қатысуға өтінішімен қоса тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінішін төменде келтірілген нысандардың бірі арқылы қамтамасыз етеді: 

1)      Келесі банк шотына жіберілген кепілдік ақша жарнасы арқылы: Астана қ. Білім Басқармасы А. Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы ММ-сі, Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы 9/1, БСН: 020840001842, БСК: KKMFKZ2A,ЖСК: KZ660705023600018001, ҚР ҚМ «Қазынашылық Комитеті»РММ;

2)      Банк кепілдігі арқылы.

Қағидалардың 41-тармағына сәйкес әлеуетті қызмет ұсынушы немесе оның сенімхат бойынша өкілі толық құжаттар пакетін 2017 ж. 09 ақпан 10:30 дейін Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы 9/1 мекен-жайында орналасқан конкурс ұйымдастырушысы Астана қ. Білім Басқармасы А. Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы ММ-нің пошталық мекен-жайына жібереді, немесе комиссия хатшысына қолма-қол тапсырады (бухгалтерия кабинеті, 2-қабат).

Әлеуетті қызмет ұсынушықұжаттарды конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтініштің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

Конкурсты ұйымдастырушы белгілеген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті қызмет ұсынушылерге кері қайтарылады.

2. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті рәсімдеу

Әлеуетті қызмет ұсынушытікелей өзі немесе оның сенімхат бойынша өкіліарқылы конкурсты ұйымдастырушының пошталық адресіне белгіленген мерзімге дейін тігілген, парақтары нөмірленген, әрі бірінші басшының қолы мен мөрімен бекітілген құжаттар пакетін жолдайды. Ол төмендегі құжаттарды қамтиды:

1)      осы конкурстық құжаттаманың 4,5-қосымшаларына сәйкес әлеуетті қызмет ұсынушынің қолы мен мөрі бар, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, жарамдылық мерзімі көрсетілген өтініш;

2)      әлеуетті қызмет ұсынушынің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын  құжаттар тізімі:

- заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғының көшірмесі), жеке тұлғалардың азаматтық құқық қабілеттілігін растайтын құжаттар (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат, жеке куәлік көшірмесі);

-   әлеуетті қызмет ұсынушы өзі клиент болып табылатын банк немесе оның бөлімшесінен алған банк немесе оның бөлімшесі алдында мерзімі кем дегенде үш болатын уақыты өткен ешбір берешегі жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы. Конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес, бұл анықтама Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы шығарған қаулысы бекіткен ипотекалық компаниялар мен екінші деңгейлі банктерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп үлгі жоспарына сай болуы тиіс. (әлеуетті қызмет ұсынушы екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе олардың бөлімшелерінің, сонымен қатар шетел банкінің клиенті болған жағдайда, аталмыш анықтама әрбір банктен жеке түрде сұратылады). Анықтама банктің (бөлімшенің) бірінші басшысы не болмаса оның орынбасарының қолтаңбасы мен банк мөртаңбасымен бекітілуі тиіс. Анықтаманы конкурсқа қатысу туралы өтініштері сақталған хатқалтаны ашпас бұрын алдын-ала бір ай ерте алу қажет.

- Үш айдан астам уақыт аралығында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі, жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін әлеуметтік жарналар бойынша берешегі жоқ туралы сәйкесінше салық органы берген белгіленген үлгідегі анықтаманың түпнұсқасы(Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылуы мүмкін болған жағдайларды есепке алмағанда). Анықтама салық органы басшысының не болмаса оның орынбасарының қолтаңбасы мен мөртаңбасымен бекітілуі тиіс. Анықтаманы e-govэлектронды үкімет порталы арқылы да алуға болады.Анықтаманы конкурсқа қатысу туралы өтініштері сақталған хатқалтаны ашпас бұрын алдын-ала бір ай ерте алу қажет.

- Бар болған жағдайда, ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша салық төлеушіні есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

- Кепілдік ақша жарнасына немесе конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес, банк кепілдігі түріндегі өтінішті қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

- Орта білім беретін ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау конкурстық құжаттамасына қатысты техникалық тапсырма. Конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес, техникалық тапсырманың қосымшасы мектеп оқушыларының дұрыс толыққанды тамақтануын қамтамасыз етуге қажетті әлеуетті мәзірті қамтуы тиіс.

- Конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес, әлеуетті қызмет ұсынушының қарамағындағы қызметкерлердің біліктілігі жайлы мәлімет.

3. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсынудың тәртібі

 Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға 2017 ж. 9 ақпан 10:30 дейін қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы ұсынады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 9/1, бухгалтерия кабинеті, конкурсқа қатысу туралы өтініштерді қабылдау мен тіркеу үшін жауапты тұлға - Мазова Кульхан Ермекбаевна.

Конкурсты ұйымдастырушы белгілеген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті қызмет ұсынушылерге кері қайтарылады.

 4. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер сақталған хатқалталарды конкурстық

комиссияның ашуы

 Конкурстық комиссия  конкурсқа қатысу туралы өтініштер сақталған хатқалталарды 2017 ж. 9 ақпан 11:00,  Қабанбай батыр даңғылы 9/1 мекен-жайы бойынша, конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігінің қатысуымен ашады.

Конкурстық комиссия  төрағасы қатысушыларды конкурстық комиссия мүшелерімен таныстырады, оларды конкурсқа қатысу туралы өтініштерін уақытылы ұсынған әлеуетті қызмет ұсынушылардың санынан хабардар етеді.

Комиссия хатшысы конкурсқа қатысу туралы өтініштерін ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметті дауыстап оқып, конкурсқа қатысу туралы әлеуетті қызмет ұсынушылардың өтініштері сақталған хатқалталарды ашады.

Конкурс ұйымдастырушысы хабарландыруда анықтаған мерзім аралығында ұсынылған өтініштері сақталған хатқалталар ғана ашуға жарамды болып саналады.

Хатқалталарды  ашу туралы протокол Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рәсімделіп, оған қол қойылады. Конкурстық комиссияның мүшелері протоколдың әрбір бетіне қол қойып шығады. Протокол әлеуетті қызмет ұсынушылардың өтініштері сақталған хатқалталарды ашқан соң 2 күнтізбелік күннен асырмай www.17.astana-bilim.kzинтернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

 5. Конкурстық өтініштерді қарастыру
 

 Конкурсқа қатысу туралы өтініштер сақталған хатқалталарды ашқан уақыттан бастап үш жұмыс күні өткен соң конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастырады, олардың толықтығы мен тиісті рәсімделуін тексереді, барлық құжаттарды толық тапсырмаған немесе тиісті түрде рәсімдемеген әлеуетті қызмет ұсынушыларды анықтайды.

Тиісті түрде рәсімделмеген және конкурстық құжаттама шарттарына сай емес өтініштерді ұсынған әлеуетті қызмет ұсынушылар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін әлеуетті қызмет ұсынушыларды анықтап, оларды конкурсқа қатысушы ретінде мақұлдайды.

Комиссия отырысында конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы протокол рәсімделеді және оған конкурстық комиссия мүшелері қол қойып шығады.

Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес комиссия өзінің шешімін конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы протокол арқылы қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға рұқсат туралы қол қойылған протокол комиссия отырысы өткен күннен соң 2 күнтізбелік күннен асырмай www.17.astana-bilim.kzсайтында орналастырылуы тиіс.

Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат алған қатысушылардың біліктілік талаптарын бес күнтізбелік күн ішінде қарастырады.

Салыстырмалы түрде ең сапалы қызмет түрін ұсынған конкурс жеңімпазын анықтау мақсатында конкурс ұйымдастырушысы қызмет ұсынушыны таңдаудың шарттарын анықтайды.

Конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасындағы талаптар мен шарттарға сәйкес комиссия жеңімпазды анықтау үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді салыстырып бағалайды.

Өтініштерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге бағытталған конкурстық комиссияның әрекеттеріне жол берілмейді. 

Өтініштерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге мына әрекеттер жатады: конкурстық комиссияның өтініштерді жетіспеген құжаттармен толтыруы, құжаттарды алмастыруы және рәсімделген құжаттарды түзетуі.

Салыстырмалы түрде жақсырақ сипаттамалары бар қызмет түрі ұсынылған жағдайда әлеуетті қызмет көрсетушінің техникалық тапсырмасы конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес еместігіне рұқсат беріледі.

Өзге қатысушылармен салыстырғанда көбірек балл жинаған қатысушы конкурс жеңімпазы ретінде танылады.

Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысушылардың алдында конкурс нәтижелері мен жеңімпазды жариялайды.                        

Конкурс нәтижелері туралы протокол Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес рәсімделіп, оған конкурстық комиссияның мүшелері қол қойып шығады.

Конкурс ұйымдастырушысы конкурс нәтижелері туралы протоколға қол қойылған күннен соң екі күнтізбелік күннен асырмай аталмыш протоколды жариялайды. 

Қызмет ұсынушы қызмет көрсету немесе тауар жеткізу туралы келісімшартты қабылдаған күннен соң бес жұмыс күнінен асырмай аталған келісімшартқа қол қойып, конкурс ұйымдастырушысына кері қайтарады.

Аталған уақыт аралығында келісімшартқа қол қоймаған әлеуетті қызмет ұсынушы келісімшартқа қол қоюдан бас тартты деп саналады.

Сәйкесінше қаржы жылына арналған міндеттемелерге негізделген қаржыландырудың бекітілген жеке жоспарына сәйкес бөлінген қаржы шегінде келісімшартқа қол қойылады.

Қаржы жылының шегінде қызмет ұсынушы келісімшартты орындауда ешбір тәртіпті бұзбаған жағдайда мерзімі аяқталған соң келісімшартты екі реттен асырмай ұзартуға болады.

Тамақтанатын оқушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы келісімшартқа қосымша келісім жасалады.

Бюджетті орындауға жауапты орталық құзыретті органның аймақтық бөлімшесінде міндетті тіркеуден өткізілген соң келісімшарт күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес, қызмет ұсынушыны таңдауға байланысты конкурста жеңімпаз деп танылған қызмет ұсынушы  15 күнтізбелік күн аралығында мектеп асаханасы ғимараты мен ондағы жабдықтарды жалға алу келісімшартына отырады. 

Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша өз қызметін ұсынбас бұрын қызмет ұсынушы жалға алу келісімшартын қолға алған соң кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат беретін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысын алуы тиіс.


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год