Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Астана қаласы әкімдігінің
«Ақан Қүрманов атындағы   № 17 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
ЖАРҒЫСЫ

 Жалпы ережелер 

  1. Астана қаласыәкімдігінің «Акан Құрманов атындағы № 17 мектеп-гимназия» коммуналдықмемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Мекеме) ұйымдастырушылык-кұкыктық нысандағы, білім беру кызметін жүзеге асыру үшін кұрылған заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялык емес ұйым болып табылады.
  2. Мекеме Астана қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 9 тамыздағы № 3-1-1498қ Астана қаласының «№ 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік комуналдық мекемесі құру туралы каулысының негізінде құрылған.
  3. Мекеменің құрылтайшысы мемлекеттік мекемені кұру туралы шешім қабылдайтын, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік кұкығы субъективті қызметін жүзеге асыратын Астана қаласының әкімдігі болып табылады. Мекеменің мемлекеттік басқару органы «Астана қаласының Білім басқармасы» болып табылады.
  4. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазакстан Республикасының зандарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқыктық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.
  5. Мекеменің толык атауы:Астана қаласы Білімбаскармасының «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия»мемлекеттік  коммуналдық мекемесі.
  6. Мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы «Алматы» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 9/1.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
  1.  Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Мекеменің дербес балансы, заңнамаларга сәйкес Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есеп шоттары, мемлекеттік тілде  атауы жазылған бланктері, мөрі, мөртаңбасы бар.
  3. Мекеме басқа бір заңды тұлға және оның құрылтайшысы бола алмайды.
  4. Мекеме өз міндеттемесі бойынша өз иелігіндегі ақшага жауап береді.
  5. Мекемеге тиісті ағымдагы қаржылық жылға бекітілген қаржылық жоспардан артық шарттык міндеттемелерді қабылдауға рұқсат берілмейді.
  6. Мекеме жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелер, Қазакстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге жатады. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік комуналдықмекеменің жауапкершілігі заңнамаларға сэйкес мекемені ұстауға бекітілген каржылық жоспар негізінде жүргізіледі.

 3.Мекеме қызметінің мақсаттары, міндеттері және түрлері

 13. Мекеме қызметінің мақсаттары:

1)       Мекеме іске асыратын білім беру бағдарламасын орындау үшін жағдай жасау;

2)        өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау;

3)        үздіксіз бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуды қамтамасыз ету;
14. Мекеменің негізгі міндеттері:

1)       жалпы білім беретін мектептер үшін мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген жалпы білім беруді қамтамасыз ету;

2)       балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жағдайын және азаматтардың білім алуы үшін конституциялық құқығын камтамасыз ету;

3)       азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазакстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, халық дәстүрін қастерлеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген әрекеттерге карсы тұруға тәрбиелеу;

4)       ой-өрісі жан-жақты дамыған, зерттеушілік еңбекке дағдыланған, мәдениеті жоғары, мамандык таңдауға саналы түрде әзірленген, жоғары оқу орындарында өзіндік шығармашылықпен окытуға даяр тұлғаны қалыптастыру;

5)       тұлғаны толыққанды дамыту үшін окушы отбасымен өзара әрекетету;

6)       оқушыларды қоршаған табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
15. Мекеме қызметінің түрлері:

1)       оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту;

2)        оқушылардың қабілетін анықтау және дамыту;

3)       педагогика, жалпы жэне жас ерекшелігі психологиясы, отбасы мен білім беру мәселелері жөнінде ата-аналарға кеңес беруді ұйымдастыру;

4)       жастардың демалысын ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық іс-шараларын откізу;

5)       ғылыми - тәжірибелік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

6)       Қазакстан Республикасы және шет елдерінің білім беру және мәдени мекемелерінің олимпиадаларына, конференцияларына, конгресстеріне және баска да ынтымақтастық шараларына қатысу;

7)       Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте ақылы білім беру  қызметін көрсету.
16. Мекеме оның құрылу мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуга құқылы емес.


4. Мекемеде білім беру үрдісін ұйымдастыру.
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі

17.Мекемедегі оқыту және тәрбие беру мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.
18.Мекемедегі білім беру үрдісі Қазақстан Республикасының орта білімберудің мемлекеттік стандартына сәйкес, мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен, дербес әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламасы негізінде ұйымдастырылады. Оқушының оқу жүктемесі денсаулық сақтау органдары белгілеген шектеулі нормадан аспауы керек.
19.Жекелеген пәндерді (пәндер жүйесі) оқытуға берілген сағат саны мемлекеттік оқу жоспары үлгісінде белгіленген сағат санынан кем болмауы тиіс.
20.Мекемедегі мына оқыту бағдарламаларын іске асырады:

1)  бала тұлғасының қалыптасуына, оның жеке қабілеттерінің дамуына оң мотивациясына жэне оқу іс әрекетіндегі қабілетіне: берік оқу дағдысы, жазу, есегтеу. тілдік қарым- қатынас тәжірибесі, шығармашылық жағынан өз-өзін дамыту, негізгі мектептің білім беру багдарламаларын әрі қарай меңгеру үшін тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастауыш білім берудің жалпы білім беру окыту бағдарламалары. Бастауыш білім беру жалпы білім беру оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл.

2)   оқушылардың базалық негізгі ғылымдарды меңгеруіне, оларда тұлға аралық және ұлтаралық қарым-катынасының жоғарғы мәдениетін калыптасуына, тұлғаның өз-өзін тану және кәсіби нысанаға бағытталған, негізгі орта білім беру жалпы білім беру оқыту бағдарламалары. Негізгі орта білім беру жалпы білім беру оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі - 6 жыл.

3)   дифференциация, интеграция кәсіби бағдар негізінде әзірленген жалпы орта білімнің жалпы білім беру окыту бағдарламалары оқушылардың бағдарланған кәсіптік алды даярлығын іске асыру үшін әлеуметтік- гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша бейінді оқытуды жүргізуімен білім беру мазмұны жалпы орта білімнің жалпы білім беру окыту бағдарламаларын меңгеру мерзімі - 2 жыл.

21. Окушының оқу барысындағы күн тәртібі:

1)  оқу жылы бірінші қыркүйектен басталып оку жоспарына сәйкес аякталады;

2)  оқу жылының, оқу аптасының ұзақтығы, демалысты өткізу мерзімі және оның ұзақтығы мемлекеттік басқарма органымен, басшы бекіткен жылдық күнтізбелік оқыту кестесімен белгіленеді;

3)   оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, демалыстың ұзақтығы оқу жылының ішінде 30 күнтізбелік күннен кем емес, жазғы уақытта 8 аптадан кем болмайды. Бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс аптасы беріледі;

4)   бастауыш мектеп оқушылары үшін 5 күндік оқыту аптасы, алтыншыкүн - жеке топтық үйірмелік жұмыс үшін қарастырылған;

5)   сабақтың өту тәртібі, сабак ұзақтығы мен сабақ арасындағы үзіліс бекіткен күн тәртібі жэне сабақ кестесімен бекітіледі.
22. Оқушылардың аралық және қорытынды аттестациялық білімін бақылау жүйесі, жүргізу тәртібі мен формасы :

1)  әр тоқсанның соңында 2-11 сыныптарда      аралықбағалар, 1-сыныпта үшінші тоқсаннан кейін, ал тоқсандық бағалар қорытындысы бойынша жылдық бағалар қойылады;

2)  окушыларды аралық жэне қорытынды аттестаттау кезінде бес балдык жүйе колданылады: 5 - «өте жақсы», 4 - «жақсы», 3 - «канағаттанарлық», 2 - канағаттанарлықсыз»;

3)  педагогикалық кеңес шешімі негізінде мемлекеттік мекемелер 5-11 сынып окушылары үшін жазғы және қысқы сессия түрінде, 4 сынып окушылары үшін оқу жетістіктерін таңдаулы мониторингтік бағалау түрінде көшу емтихандары енгізіледі;

4)  5-8 және 10 сынып оқушыларын аралық аттестаттаудан өткізу үшін көшіру емтихандарының түрі мен саны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі;

5)  Мекемеде негізгі жалпы және орта (толық) білім берудің жалпы білім бағдарламасын меңгеру Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен нормативтік-кұқықтық актілерге сәйкес, мемлекеттік мектеп бітірушіні міндетті қорытынды аттестаттаумен аякталады. Негізгі мектеп курсын аяқтағандарға куәлік беріледі, ал аттестаттаудан табысты өткен бітірушілерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған, белгілі үлгідегі аттестат тапсырылады, өтпегендерге «курсты тыңдады» деген анықтама беріледі;

6)  жалпы орта мектептің жалпы білім беру бағдарламасын меңгерудеерекше табысқа жеткен бітірушілерге Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес негізгі орта мектеп курсын үздік аяқтағандарға үздік үлгідегі куәлік беріледі, ал жалпы орта мектепті бітіргендерге ерекше үлгідегі «Алтын белгі» немесе үздік аттестат табыс етіледі;

7)  оқу жылының бағдарламасын табысты меңгерген, көшіру және корытынды емтихандарды табысты тапсырған оқушылар педагогикалық кеңес шешімімен келесі сыныпқа көшіріледі.

8)  оку жылының корытындысы бойынша бір пәннен академиялық үлгермейтін окушы келесі сыныпқа шартты түрде кошірілуі мүмкін. Келесі оку жылы ішінде үлгермеушілікті жою жауапкершілігі ата-анаға (заңды өкілге), сынып жетекшісіне және пән мұғаліміне жүктеледі;

9)  негізгі орта білім сатысында екі және одан да көп пәндерден оку бағларламасын меңгермеген оқушы ата-анасының (заңды өкіл) қалауына карай кайта окытуға қалдырылады;

10)  жалпы орта білім бағдарламасының алдыңғы деңгейін меңгере алмаған окушы келесі сатыға көшірілмейді.

 5. Ақылы білім беру қызметін ұсыну тәртібі мен тізімі

 23. Мекеме мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының тыс ақылы білім беру қызметін көрсетуге құқылы:

1)  косымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

2)  оку жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген, оқу уақытынан тыс пәндер бойынша жекелеген окушыларды қосымша оқытуды ұйымдастыру;

3)  оқушылармен пәндер бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;

4)  әр түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу: спорттық сайыстар, семинарлар, кеңестер, оқушылар арасында /мұғалімдер/ педагогикалык кызметкерлер және ересектер арасында конференциялар, сонымен коса оқыту әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және іске асыру бойынша;

5)  музыкалық аспаптарды және интернет-байланысын, косымша кызметтерін қолдануға ұсыну;

6)  жазғы демалысты ұйымдастыру, оқушылардың, мемлекеттік мекемесінде өтетін әр түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын камтамасыз ету.
24.Мемлекеттік білім беру тапсырысымен қаржыланатын негізгі білім беру кызметінің орнына ақылы білім беру қызметі көрсетілмейді.
25.Ақылы білім беру қызметі оқушылар ата-аналарының немесе басқа занды екілдерінің өтініші бойынша мемлекеттік мекемелер мен ата-аналардың немесе заңды окілдердің арасында кұрылған шарт негізінде жеке кесте бойынша жүргізіледі.
26.Қосымша ақылы білім беру қызметінен түскен каржы оқу үрдісіне, оныңішінде оқу жабдықтарын алуға,  мекеме қызметкерлерінәлеуметтік және материалдық жағынан колдауға жұмсалады.

6.Мекемені жабдықтау тәртібі

 27.Окушыларды қабылдау тәртібі:

1)  бастауыш және негізгі орта жалпы білім сатысына мектепке қабылдау тәртібін мемлекеттік мекеме тағайындайды, шағын ауданда тұратын, жалпы білім злуға кұқылы барлық азаматтардың өтініші бойынша қабылдауды камтамасыз етеді;

2)  Мекемеге қабылдау оқушы немесе ата-ананың (заңды өкіл) жазбаша өтініші негізінде, белгіленген үлгідегі медициналық және білімі туралы. тууы туралы, құжаттар жеке куәлігінің қосымшасы болған жағдайда басшының бұйрығымен ресімделеді;

3)  жалпы орта білім беру сатысына оқушылар өз өтініштері бойынша қабылданады;

4)  Мекеме оқуға қабылданған окушыларды, олардың ата- аналарын (заңды өкіл) осы Жарғымен және мемлекеттік мекемедегі білім беру үрдісін  ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
28.Мекемедегі сыныптар саны азаматтардан түскен өтініш санына және санитарлык-гигиеналық норманы ескере отырып, білім беру үрдісін жүзеге асыру жағдайына байланысты.
29.Мекеме сыныптарындағы окушылар саны 25 оқушыдан аспауы тиіс.
30.Қазақ, орыс, шет тілдері, еңбек сабағы, информатика және есептеу техникасы, дене шыныктыру пәндерін оқытканда сыныпта 25 оқушы болғанда екі топка бөлінеді.
31. Оқушыларды мектептен шығару мекеме басшысының бұйрығымен мына негіз бойынша ресімделеді:

1)  ата-ананың қалауымен оқушының оқуын басқа оқу мекемесінде жалғастыру не басқа түрде оқытуға ауыстырғанда;

2)  Қазакстан Республикасы заңнамасына сәйкес және мемлекеттік баскару органдарының келісімі бойынша он алты жасқа толған оқушы кұқык бұзушылық, өрескел әрекеті және Жарғыны бірнеше қайтара бұзғаны үшін;

3)  жетім балалар және ата-ананың камқорлығынсыз қалған балаларды шығару қорғаушы және қамқоршылық органдарының келісімімен іске асырылады.

 7. Мекемені басқару

32.Мекемені баскару жалпы заңнамаға сәйкес белгіленген мемлекеттік басқару органы арқылы іске асырылады.
33. Мемлекеттік басқару органы заңнамада белгіленген тәртіппен мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)    Мекемені үстауға арналған каржылық жоспарды бекітеді;

2)    Мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалануды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

3)    Мекемені басқару органының құрылымын, қалыптасуын, өкілеттілік мерзімін, шешім қабылдау тәртібін белгілейді;

4)    Мекеме басшысының құқығын, міндеттерін, жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздемесін белгілейді;

5)    Мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;

6)    жылдық қаржылық есеп беруді бекітеді;

7)    Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген баска да кызметтерді атқарады.
34. Казақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы Мекеме басшысын заңнамада белгіленген жағдайға сәйкес лауазымдык қызметке тағайындайды және босатады.
35.Мекеменің басшысы Мекеме жұмысын ұйымдастырады және баскарады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады (заңнамамен белгіленген жағдайды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді және қызметті жүзеге асыруға жеке жауапкершілік алады.
36.Мекеме басшысы дара басшылық қағидасын ұстанады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген өз кұзыретіне сәйкес Мекеме қызметін өз бетінше шешеді.
37.Мекеме басшысы Мекеменің қызметін жүзеге ісыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте:

1)    Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2)    барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;

3)    заңнамада бекітілген жағдайда және шекте мүлікке иелік етеді;

4)    шарттар жасасады;

5)    сенімхат береді;

6)    кызметкерлердің іс-сапарын, сынақтан өтуін, қазақстандық және шетелдік  оқу орталықтарында окуын, біліктіліктерін арттырудың баска да түрлер  жөніндегі жоспарларын бекітеді;

7)    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есеп-шот ашады;

8)    мемлекеттік баскару органымен тагайындалғаннан баска мекеменің барлық қызметкерлері үшін бұйрықтар шығарып, нұсқау береді;

9)    Мекеме қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік шара қолданады:

10)    Мекеме басшысының келісімі бойынша оның орынбасарларын лауазымдық қызметке алады және босатады;

11)    өз орынбасарларының және мекеменің басқа да басшы кызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін анықтайды;

12)    заңнамада, осы Жарғымен және мемлекеттік басқару органымен өзіне жү ктелген баска да қызметтерді жүзеге асырады.
38. Педагогикалық кеңес мекеменің жоғарғы органы болып табылады.
39. Педагогикалық кеңестің құзыретіне мыналар жатады: оку жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту, педагогикалык кызметтің негізгі бағыттарын аныктау. жеке оқу жоспарларын бекіту, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру, оқу үлгерімін, оқушылардың тәртібін және аттестаттауын талқылау, мемлекеттік мекеме педагогикалык қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, олардың шығармашылық бастамасын дамыту,  озық тәжірибені тарату, педагогикалык және басқа да қызметкерлерді түрлі марапаттауларға ұсыну.
40. Педагогикалық кеңес мекеменің әдістемелік жұмысына басшылық жасайды, оның құрамына мемлекеттік мекеменің мұғалімдері, директоры және оның орынбасарлары кіреді.
41. Мекемеде басшының бұйрығымен жыл сайын педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметін есептей отырып, оларды аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясы құрылады.
42. Білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары.

8. Білім  беру үрдісіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары.
Мекеменің оқушылармен, олардың ата-аналарымен жәнебаска да заңды өкілдерімен қарым - қатынасты рәсімдеу тәртібі
42.Білім беру үрдісіне қатысушылар оқушылар, Мекеменің педагогикалық қызметкерлері және окушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) болып табылады.

43. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, білім беретін Мекемелердің үлгілік ережесімен анықталады.
44. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен және оқушылардың тәртіп ережелерімен реттеледі.
45. Мекеме оқушыларының құқықтары:

1)       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалыбілім алуға;

2)       оқу жоспарына сәйкес альтернативтік курстарды таңдау;

3)       ақылы түрде өз бейімділігіне және қажеттілігіне сәйкес білім жәнежалпы білім қызметін қамтамасыз ету;

4)       тегін ақпараттық ресурстарды қолдану оқулықтармен, оқу әдістемеліккешендерімен және оқу әдістемелік оқу кұралдарымен қамтасыз етіледі;

5)       Мекемені басқаруға қатысу;

6)       спорттық, оқу, мәжіліс залын, кітапхананы тегін қолдану;

7)       өз ой-пікірін және нанымдарын еркін жеткізу;

8)       өзінің адамгершілік қасиеттерін қастерлеу;

9)       абыройын, еркіндігін, өз денсаулығын, сақтау;

10)  оқуда, ғылыми жэне шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшінкөтермелеу және сыйақы алу.
46. Оқушыларды үгіт-насихат жасау жұмыстарына, саяси акцияларғамәжбірлеуге жол берілмейді.
47. Оқушы міндеті:

1)  мемлекеттік жалпы міндеттемелік стандарттың талаптарына сәйкес білім, біліктілік, дағды және карым-қатынас дағдысын практикалык машықтап меңгеру;

2)  ішкі тәртіп ережесін сақтау, мекеме Жарғысы және білім беру келісімшартымен қаралған басқа талаптарды орындау;

3)   өз денсаулығын күту, рухани талпыныска ие болу;

4)   басқа оқушылар мен мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін, оқу орнының салтын сыйлауға;

5)   сабақты тиянақты оқуға, себепсіз қалдырмауға;

6)   Мекеме мүлкіне, техникалық оқыту құралдарына үқыпты қарау, керек болған жағдайда сынып жиһазына шағын жөндеу жүргізу, мүлікті бүлдірген жағдайда ата-анасымен бірге келтірген зиянды толтыруға;

7)   жарғымен және ішкі еңбек тәртібімен олардың құзырына жататын Мекеме кызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті.
48. Мекемедегі тәртіп оқушылар мен педагогтардың адамгершілік қасиеттерін сыйлау негізінде сақталады. Оқушыларға күш көрсету, санасына зорлық жасау әдістеріне жол берілмейді.
49. Ата-аналар (заңды өкілдер) мен мекеменін қарым- қатынасы осы Жарғы ережелерімен реттеледі.
50. Ата-аналар (заңды өкілдер) қүқығы:

1)  баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үйымын таңдауға;

2)   ата-аналар комитеті арқылы мекемені баскару органдарының жүмыстарына қатысуға;

3)   өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты білім беру ұйымынан ақпарат алуға;

4)   өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу жағдайы бойынша психолого- медико-педагогикалық кеңесінен көшек алуға қүқылы;

5)   келісім шарт негізінде балаларының косымша білім алуға.
51.Ата-аналар (заңды өкілдер) міндеттері:

1)  балалардың өмірі мен окуы қауіпсіз жағдай жасауға, олардың интелектуалдык күштерінің дамуын қамтамасыз етуге;

2)   жарғы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріндегі өз қүқығы мен міндеттеріне қатысты жағдайларды орындауға;

3)   ата-аналар жиналысына қатысуға, мекеме әкімшілігінің немесе мүғалімнің шақыруы бойынша оқу-тәрбие үрдісі жөнінде жеке кеңес және нақтылы педагогикалық көмек алуға;

4)  окушының сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге;

5)   Қазақстан Республика заңнамасымен белгіленген тәртіпке сай баланың мекемеге келтірген шығынын өтеуге міндетті.
52. Мекеменің педагогикалық қызметкерлері қүқығы:

1)  қәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогті қызметпен айналысуға;

2)   ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименталдық жұмысымен айналысуға, жаңа әдістеме мен технологияны педагогикалық тәжірибеге енгізуге;

3)  жеке педагогикалық қызметке;

4)   жалпы білім беретін мемлекеттік білім стандартын сақтай отырып педагогикалық әрекетті ұйымдастыру тәсілі мен түрін еркін таңдауга;

5)  үжымдық басқару органдарының жұмысына қатысуға;

6)   ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір ет біліктілігін арттыруға;

7)   қызметтік өсу, санатын көтеру мақсатында кезектен тыс аттестаттауда  өтуге;

8)   педагогигалық қызметіндегі жетістігі үшін материалдық және моральдык көтермеленуге, қүрметті атақтар, белгілер және грамоталармен марапатталуға;

9)   өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10)   педагогикалық еңбек өтілімі сақталуымен ғылыми қызметпен айналысу үшін шығармашылык демалыс алуға;

11)   мекеме әкімшілігінің бүйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға күқығы бар.
53.Мекеме қызметкерлерінің міндеті:

1)  Жарғыны ішкі еңбек тәртібі ережелерін, лауазымдық міндеттерді, қауіпсіздік техникасы ережелерін, мемлекеттік мекеменің жергілікті актілерін орындауға;

2)   өзінің кәсіптік қүзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімін және білім беру дағдыларын меңгеруге;

3)   мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамсыз етуге;

4)   білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени қүндылыктарға қүрмет көрсету рухында, қоршаган дүниеге үқыпты қарауға тәрбиелеуге;

5)   білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жүмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

6)  өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үдайы жетілдіріп отыруға;

7)   бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

8)   педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;

9)   оқушылардың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір- касиетін құрметтеуге міндетті;

10)   салауатты өмір салтын үстану және оны оқушылар арасында насихаттауға;

11)  қолданыстағы Қазақстан Республикасы      заңнамасына сәйкесмедициналық тексерілуге және алдын-ала егу шараларынан алуға міндетті.
54.Педагогикалық қызметкер педагогикалық  этиканы және міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көрсетілген түрде жауапка тартылуы мүмкін.
55.Педагогикалық кызметкерлерді өзінің кәсіби міндетіне кірмейтін жүмысқа           жіберу, Қазақстан Республикасының    заңдарымен ерекшекөрсетілмеген жағдайда, тыйым салынады.
56.Педагогикалық қызметкерлерге және мұғалімдерге оқу жоспары мен және бағдарламаларымен мекеменің басқа да жағдайларда сағатына қарап белгіленеді.
57.Педагогикалық кадрларды жұмыска қабылдау мекеменің басшысы мен педагогикалық қызметкер арасында жасалатын еңбек шарты негізінде

жүзеге  асырылады.  Еңбек шартыныңережелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қарсы болмауы  тиіс.
58.Мекемедегі еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексімен, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.


9. Мекеме мүліктерін кайта қүру және қызметін қаржыландыру тәртібі

59.Мекеме мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен қүралады және негізгі қорлардан, айналымдағы қүралдардан, сондай-ақ, күны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден түрады.
60.Мекеменің мүлкі оны жедел басқару құқығымен иеленеді жэне мемлекеттік меншікке жатады.
61.Мекеме қызметін қаржыландыру егер заңнамалык ак- тілермен өзгеше белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджет есебінен, жеке және заңды тұлғалардың ерікті демеушілік жарнасы, бюджеттен тыс каржы, ақылы қызмет арқылы жүзеге асырылады.
62. ҚР заңнамасымен көрсетілген, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарымен белгіленген жағдайларда ақылы қызмет көрсетуден түскен түсімдер білім беру ұйымдарының қаржы көщі болуы мүмкін.

63.Мекеменің каржы - шаруашылык қызметін бақылау кайта тексеру заңнамалар белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
64.Мекеме оған бекітілген мүліктің сакталуы және тиімді пайдалануы үшін мемлексттік басқару органы алдында жауап береді. Осы бөлікте білім беру мекемесінің қызметін бақылауды мемлекетті басқару органы жүзеге асырады.

 10.Мекеменің халықаралық қызметі

65. Мекеменің халықаралық қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазакстан Республикасының халыкаралық келісім шарттарына сәйкес жүргізіледі.
66.Мекеме білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз жұмысының ерекшеліктеріне сэйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастык туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, окушылармен, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына катысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.

11. Мекеміні қайта кұру және тарату

67. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Мекеменің Жарғысын өзгерту тәртібі

68. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Респуб- ликасының заңнамаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі енгізеді.

 

 

 

 

_____________________


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год