Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1523
  • Осы аптада 258
  • Кеше 11
  • Бүгін 7
  • Онлайн 1
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазіргі заман сабағына қойылатын талаптар– білім берудің және құрамдық элементтердің  міндеттерін нақты қою, олардың дамытушылық және тәрбиелік міндеттерінің байланысы
 
-Сабақтардың жалпы жүйесіндегі орынды анықтау;
-оқу бағдарламасының талаптары мен мақсаттарына сай, оқушылардың дайындалу және дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың толық мазмұнын анықтау;
 -ғылыми білімді оқушылардың игеру деңгейін болжау;
-сабақта және оның әр кезеңдерінде білік пен дағдының қалыптасуы;
-сабақтың оқушыларды оқытуда танымдылық белсенділігін қамтамасыз ететін, әр кезеңінде оңтайлы бақылау мен ынталандыра  оқытудың неғұрлым оңтайлы әдістерін таңдау, оқушының өздігінен дамуы үшін ұжымдық және жеке жұмыстарды түрлендіру;
-сабақтың барлық дидактикалық міндеттерін жүзеге асыру;
-оқушының нәтижелі оқуы үшін жағдай жасау.
 
         Сабақтың негізгі түрлері:
1.     Жаңа тақырыпты оқыту сабағы. Дәстүрлі , лекция, экскурсия, зерттеу жұмысы, оқу және еңбек практикасы, әңгімелесу, кеңес. Жаңа білімді игеру және бірінші бекіту  мақсаттары бар.
2.     Білімді бекіту сабағы. Практикум, экскурсия, лабораториялық жұмыс, әңгімелесу, кеңес беру. Білімді қолдануды дамыту.
3.     Білімді кешенді қолдану сабағы. Практикум, лабораториялық жұмыс, семинар және т.б. Жаңа жағдайларда өз бетімен жаңа білімді кешенді түрде қолдана білу.
4.     Білімді салыстыру арқылы жүйеге енгізу. Семинар, конференция, дөңгелек үстел және т.б.
5.     Білімді тексеру, бағалау және түзету енгізу. Бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, білім байқауы және т.б. Біліктілік, іскерлік, дағдыны игеру деңгейін анықтау.
 
Оқу сабақтарының құрылымдық элементтері
 
     Кезеңдері. Дидактикалық міндеттері. Міндеттерді шешу нәтижелерінің нақты көрсеткіші.
1.         Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сыныптың және құралдардың сабаққа толық дайын болуы, оқушылардың іскерлік ырғақпен тез кірісуі.
2.         Үй жұмысының орындалуын бақылау. Үй жұмысын барлық оқушылардың орындауы, игерілмеген тақырыптарды анықтау және түзету жұмыстары.
3.         Сабақтың негізгі кезеңіне дайындық. Оқушыларды ынталандыру және мақсатын, оқу-танымдық жұмысты оқушылардың білуі, қабыл алуы, тірек білімдері мен дағдыларын күшейту. Тірек білім негізінде белсенді оқу-танымдық жұмысына оқушылардың дайындығы.
4.         Жаңа білімді игеру мен әрекет әдістерін игеру. Білім алу объектісінде түсініп қабылдау және білімді еске сақтау және іс-әрекет әдісімен,байланыс пен қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
5.         Түсінудің бірінші тексерілуі. Жаңа материалды игеруді және саналы түрде қабылдауының дұрыстығы, түсінбеген жерін анықтау, және оны түзету жұмыстары.
6.         Білім мен іс-әрекет әдістерін бекіту. Жағдаят өзгерген жағдайдағы жаңа білімді игеру мен іс-әрекет әдістерін қамтамасыз ету, таныс жағдаят және өзгертілген жағдаят уақытында жаңа білімді қолдану тапсырмаларды өз бетімен орындау.
7.         Білімді салыстыру және жүйелеу. Тақырып немесе курс бойынша басты білімнің біртұтас жүйесін қалыптастыру; дүниетану идеяларды анықтау. Оқушылардың активті және продуктивті іс-әрекетін біртұтастыққа қосу. Ішкі пәндер мен курс арасындағы байланысын анықтауды классификациялау және жүйелеу.
8.         Білімді бақылау және өзін-өзі бақылау. Білімді игерудің сапасы мен деңгейін және іс-әрекет әдістерін анықтау. Оқытудың жоспарланған нәтижелеріне оқушылардың жетуі туралы нақты ақпарат алу.
9.         Сабақтың қорытындысын жасау. Мақсатқа жету жетімтігіне талдау жасау мен баға беру және келесі жұмыстардың мақсатын түсіндіру. Оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалім бағасымен дәл келуі. Оқытудың нақты нәтижелері туралы оқушылардың ақпаратын алу.
10.    Рефлексия. Оқушылардың өз әрекетін рефлексияға мобильдендіру (іс-әрекет әдістерін ынталандыру, қарым-қатынас). Өзін-өзі бағыттау және ынтымақтастық   міндеттерін игеру. Өз іс-әрекеті мен өзін-өзі бағалауда оқушының ашық болуы. Өзін-өзі бағыттау мен ынтымақтастық әрекеттерінің әдістерін болжау.
11.    Үй тапсырмасы туралы ақпарат. Үй жұмысын орындаудың мақсаты мен мазмұнын түсінуін қамтамасыз ету. Сәйкес жазуларды тексеру. Өзекті деңгей мен дамуына сәйкес барлық оқушылардың үй тапсырмасын нәтижелі орындауы үшін қажетті жағдай жасау.
 
Аралас сабақтың кезеңдері :
 
Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
 
Үй тапсыр масының орындалуын тексеру.
 
Білімді жан-жақты тексеру.
 
Жаңа оқу материалын игеруге дайындық.
 
Жаңа білімді игеру.
Жаңа материалды оқушылардың түсінуін бірінші бақылауы.
 
Жаңа білімді бекіту.
 
Сабақты қорыту.
 
Үй тапсырмасы туралы ақпарат, оның орындалуы туралы нұсқау.
 
Сабақтың басқа түрлерінің кезеңдері міндетті кезеңдер ретінде саналады:
 
Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
 
Жаңа оқу материалын белсенді игеруге дайындау.
 
Үй тапсырмасы туралы ақпарат, оның орындалуы туралы нұсқау.
 
Негізгі кезең сабақтың білім беру кезеңі болып табылады.

 


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год