Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 1
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Programme for International Student Assessment
(PISA)


Programme for International Student Assessment (PISA) – Жалпыортабілім, техникалық және кәсіби білім ұйымдарында оқитын 15 жастағы білім алушылардың оқу саласындағы сауаттылығы және математикалық сауаттылығын бағалау бойынша Халықаралық 3 жылдық мерзіммен өткізілетін зерттеу (2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 2015). Әр кезеңде негізгі назар (тестілеу уақытының үштен екі бөлігі) зерттелетін бір бағытқа аударылады – оқуға, математикаға немесе жаратылыстануға. PISA зерттеудің негізгі міндеті – 15 жастағы оқушылардың қазіргі өмір талаптарына сай функционалды  білім мен ептілікті игергенін анықтау.

Бағдарламаны Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы үйлестіреді.Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуге қатысуынан, біздің оқушылардың дайындық деңгейін басқа қатысушы елдердің білім алушыларының дайындық деңгейімен салыстырмалы бағалау мәліметін алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан кросс-ұлттық зерттеулерді өткізу бойынша әлемнің жетекші мамандарымен өңделетін білім сапасын бағалау саласында соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес әдістемелерге, оқу жетістіктерін бағалауға және зерттеу нәтижелерін талдауға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

«Қазақстан PISA жобасына өзіндік шешім қабылдай отырып қатысуға мүмкіндік алды, осылайша әлем елдері алдында білім берудің саясатын ұстанғанын дәлелдеді. PISA 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол үш жылда бір рет өткізіледі. Уақыт өткен сайын қатысушы елдер саны да арту үстінде. Мысалға, 2000 жылы жобаға тек 32 ел қатысса, келесі PISA-2015 жобасына 70 ел өтініш беріп отыр. Қазақсан осымен екінші рет қатысып отыр», деді А.Құлтуманова. Оның айтуынша, Қазақстанның аталмыш зерттеуге қатысуы мектептегі білім беру сапасын халықаралық бағалау мен білім беру сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қатысушыларды іріктеу Халықаралық Консорциум тарапынан жасалады. Халықаралық сынақта Қазақстан атынан 218 білім беру ұйымынан (200 мектеп пен 18 колледж) 15 жасар 5808 жасөспірім қатысты. Жалпы қатысушылардың саны 510 мың болған.

«Бастысы, біз мектептегі білім беру сапасын анықтаудың тәуелсіз бағалауына қол жеткіземіз. Екіншіден, біз білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптармен салыстыра отырып талдаймыз. Үшіншіден, біз жобаның теңдессіз құралымен сапаны бағалаудың ұллтық жүйесімен танысамыз», - дейді орталық директоры.ТМД елдерінің арасынан бұл жобада тек Қазақстан және Ресей қатысқанын атап айту қажет. «PISA оқушылардың академиялық білімдерін өлшемейді, олардың мектепте алынған білімдерін өздерінің өмірлік жағдайларында қолдану ептілігі өлшенеді»деп түсіндірді А.Құлтуманова. Біздің балалардың оқуларының өсу төмендігінің себебі, отбасындағы оқу мәдениет деңгейінің төмендігі. Сауалнамада қазақстандық оқушылар үйдегі кітап саны 150 деп жауап беріпті. Жоба көшбасшылары – Қытай, Сингапур, Жапон елдерінің жеке кітапханасындағы кітаптар саны 250 асады деп белгілейді. 

Бағдарлама 2000 жылдан бері жүзеге асырылады және үш жылда бір рет өткізіледі. Әр кезеңде негізгі назар үш бағыттың біреуіне аударылады: 2009 жыл – оқу сауаттылығына, 2012 жыл – математикаға, 2015 жыл – жаратылыстануға. PISA салыстырғанда халықаралық емтиханға қатысушылар – 2009 жылы өз көрсеткіштерін 6 деңгей бойынша 3 және 4 деңгейге жақсартты. PISA-2009 білім алушылардың математикалық және жаратылыстану ғылыми функциялық сауаттылығы өткен кезеңімен салыстырғанда Қазақстан көрсеткіші айтарлықтай жақсарды – 405 -432 ұпай және 400-425 ұпай. Үш бағыт бойынша меңгенген академиялық білімдерін қолдану рейтингі бойынша үлгілік позициялар азиат елдерінде – Қытай, Сингапур, Корей және Жапон. Осы рейтинг бойынша өз позицияларын жақсартқан кеңес мемлекеттері елдерінен Эстония және Ресей. Барлық құқықтар қорғалған. 

Қазақстан. PISA -2009

PISA – 2009 зерттеуіне еліміздің 200 білім беру ұйымынан 5590 он бес жастағы оқушылары қатысты. Барлығы 184 жалпы білім беру ұйымдары,16 кәсіби  мектептер мен лицейлер. Соның ішінде, 3194 қазақ тілінде білім беруші ұйымдар мен 2396 орыс тілінде  білім беруші ұйымдар болды. Зерттеу қорытындысы бойынша қазақстандық 15-жастағы білім алушылардың нәтиже көрсеткіштері: оқу сауаттылығы – 59 орын, математика сауаттылығы – 53 орын, жаратылыстану сауаттылығы – 58 орын.

Қазақстандағы халықаралық зерттеу қорытындысы бойынша Pisa – 2009 Ұлттық есеп

Қазақстан. PISA - 2012

PISA – 2012 зерттеуіне еліміздің 218 білім беру ұйымынан 5808 15 жастағы білім алушылар қатысты. Соның ішінде 200 жалпы білім беру ұйымы және 18 кәсіби мектептер мен лицейлер, қалалық білім беру ұйымдары – 103, ауылдық -115. Сонымен қатар, 3234 қазақ тілінде білім алушылар, 2147 орыс тілінде білім алушылар. Зерттеуге мектеп оқушыларымен қатар 18 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарынан 427 білім алушы қатысты. Солардың ішінде 288 – қазақ тілінде білім алушылар, 139 оқушы – орыс тілінде білім алушылар. Қазақстандық қатысушылар 65 елдер арасында математика cауаттылығы бойынша 49 орынды, жаратылыстану ғылымынан  - 52 және оқу сауаттылығы бойынша – 63 орынды иеленді. PISA-2009 алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оқушылардың математика және жаратылыстану ғылымы бойынша функционалдық сауаттылығының көрсеткіштері  айтарлықтай жоғарылады.

PISA - 2012 (1 БӨЛІМ PISA-2012 білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық бағдарламасы) 
PISA - 2012 (2 БӨЛІМ Бағыттар бойынша зерттеу нәтижесі)
PISA - 2012 (3 БӨЛІМ Өңірлер тұрғыда Қазақстандық білім алушылардың нәтижелері)
PISA - 2012 (4 БӨЛІМ Мәнмәтіндік талдау)
PISA - 2012 (қосымша)

*«Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ұлттық Білім беру статистикасы және Бағалау Орталығы» және«Қазақстан -2050» сайттарының материалдары мақалада пайдаланды.

Оқу құралдары

Оқушылардың математикалық сауаттылығы - Оқу құралы (PDF, 1,6 МБ) Қарап шығу Көшіріп алу
Оқушылардың табиғи-ғылыми сауаттылығы - Оқу құралы (PDF, 1,6 МБ) Қарап шығу Көшіріп алу
Оқушылардың оқу сауаттылығы - Оқу құралы (PDF, 1,1 МБ) Қарап шығу Көшіріп алу


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год