Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Емтихан кезіндегі қобалжудың алдын алу
(11-сынып ата-аналар жиналысы)

   Емтихан – бұл білімді тексеру ғана емес, емтихан тапсыру уақытындағы әртүрлі қобалжу жағдайлар кезеңіндегі білімді тесеру. Қобалжу - ауыртпалық, жүктеме болған жағдайда ғана болмайды, ол болмаған кезде де болады. Балалар мен ата-аналардың осы уақытта өмірі көңіл-күйдің әртүрлі қысымын толы болады.

   Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар, қобалжу,үрей –бұл қалыпты жағдай екенін ұмытпауымыз керек. Әртүрлі қиындық жағдайлар туған сәтте кез келген адам сезінеді. Қобалжу кезінде өз-өзіңді қолыңа алып, ойларыңды жинақтап емтихан сұрақтарына дұрыс дауап беруге тырысу керек. Жай ғана мысал келтірсек: емтихан алдында барлығын қайталауға уақыт жетпейді, басымыз қатуы мүмкін, алайда емтихан билетін алғанан кейін өз-өзіңе сеніп, билеттерді асықпай бір қарап өткеннен кейін барлығы есімізге түседі.

Жетістікке қол жеткізудің алғашқы қадамы өзіңді психологиялық тұрғыда емтихан тапсыруға дайындау болып табылады. Баланы жетістікке, сәттілікке қол жеткізуге үйрету керек, алайда үрейленетін адамдарға нәтижелі болу қобалжу туғызады. Олар нақты атқаратын жұмыстары алдында ойларын жинақтап, өзін-өзі қолға алуы керек. Сондай-ақ, олар алдарына «Мен бес алуым керек», «Қандай жағдай болмасын тест сұрақтарына жауап беруім керек» деген мақсат қойғандары дұрыс. Сынақтан өтпеу оқушы үшін өзінің әлсіздігі, өмірде орнын таба алмауы болуы мүмкін. Бұндай емтихан – өз білімін тексеру ғана емес, адам өзін сыйлаудан, қоршаған ортада өзін сыйлатудан айырылып қалуы мүмкін.

Балаларды бұндай сезімнен арылту үшін Сіздер олардың сенімділіктерін арттыруларыңыз керек. Өздеріне сенетін, арқа сүйер адамдары барда оқушылардың өздеріне деген сенімдері артады. Балаларын жақсы көрмеу – үнемі кездесетін жағдай емес, бірақ жасөспірімдердің арасында өздерін жақсы көрмейді деген ұғым қалыптастырған балалар кездеседі. Бұны оңай түсінуге болады, баласының кемшіліктерін үнемі айтып отыру баланың санасында осындай ой қалыптастырады. Сіздер балалар түсінеді деп ойлайсыздар, алайда жасөспірімдер әрбір айтылған сөзге мән береді. Өзінің кемшіліктерін жиі , жақсы сөздерді сирек естіген, эмоционалдық қолдауды таппаған бала өзіне деген қарым-қатынасқа күдікпен қарайды.

Өмірде кездесетін қандай жағдай болса өздерін қолдайтындарыңзды, жақсы көретіндіктеріңізді түсінікті тілмен айтып жеткізуге тырысыңыз.

   Қобалжу – қорқыныш үстінде пайда болған сезімдердің жиынтығы: бір жаманық болуы мүмкін. Бұл әрбір адам үшін қиын, кездейсоқ сәттерде кездесетін қалыпты жағдай болып табылады. Қобалжу сәтіндегі үш жағдай.

-         Бірінші жағдай – үрей (бас ауыруы, жүректің қатты соғуы, мазасыздық т.б.).

-         Екінші сәт – қарама-қайшылық (баланың өзін-өзі ұстай білуі).

-         Үшінші сәт – әлсіреу (баланың ұзақ уақыт өзін-өзі қатты ұстауы).

Стресстік жағдайдың белгілері:

  • Өзін-өзі қалыпты сезіну жағдайында болмау
  • Жиі қателіктер
  • Есте сақтау қабілетінің төмендеуі
  • Шаршау сезімінің пайда болуы
  • Тез сөйлеп, тез жүру
  • Ойлардың жинақталмауы
  • Тітіркену, жақтырмау сездімдерінің болуы
  • Агрессиялық есзімнің пайда болуы
  • Шыдамсыздықтың пайда болуы
  • Көңіл-күйдің тез ауытқуы, жағымсыз эмоциялық сезімдердің пайда болуы
  • Қуаныш сезімінің жоғалуы
  • Жағымсыз іс-әрекеттерге үйір болу
  • Жан дүниенің күйзеліске түсуі
  • Тәбеттің қашуы немесе тойымсыздықтың пайда болуы
  • Жұмыс істеу қабілеттің төмендеуі, бастаған жұмыстың аяқталмауы
  • Өмірге деген кереқарыс сезімнің пайда болуы

   Емтихандағы қиындықтар

Мектеп бітіру кезінде сыныптағы оқушыларда жұмыс істеу іскерліктері стереотиптері пайда болады.

Оқушы көп рет ауызша, жазбаша жауап берд, білімін тексеру жағдайы жаңашылдық емес.

Емтихандардағы қобалжуды білетін ақпараттарды тез жинақтау арқылы сейілтеді.

Қиындық мәселелері келесіде:

Емтихан тапсырушы бірінші рет қосымша қажетті материалдарды қолдана алмайды.

Екі есе қажеттілік туындайды:

1-    Алдағы өмір жолын таңдау. Таңдау жасау үшін өзінің ерекшелігін, талаптарын, қызығушылықтарын айқындап алуы керек.

2-    Тіпті таңдау жасалып, ол таңдауға ешқандай кепіл болмаса да жүзеге асуы мүмкін. Қажетті бақталастықта жеңіп шығуға тырысу керек.

Шешім:

Екі жауапкершілікті мойнына алған мектеп бітіруші түлек алдағы өміріне деген жауапкершілікті өз қолына алады. Осы кезеңдегі таңдалған таңдау оқушының өзіндік таңдауының бағытын айқындайды.

Стамада жетістікке жетелейтін бірінші нәрсе- психологиялық жағдаят, өзіңе-өзің сенімді болу. Сонда, алға қойған мақсаттарыңыз орындалады.

11-сыныптарда ҰБТ дайындалу барысында оқушылардың психологиялық дайындықтары бақыланды.

«ҰБТ дайындық» нәтижесі бойынша сауалнама

  1. ҰБТ қандай көңіл-күймен дайындалып жатырсыз

А) сенімділікпен – 11%

Б) қорқынышпен – 18%

В)немқұрайлы -18%

Г) сабырлылықпен -53%

 

  1. ҰБТ дайындалуда негізгі көмек беретін

А) мектептегі сабақтар -6%

Б) ата-аналардың көмегі -0%

В) өзіндік дайындалу – 35%

Г) қосымша мұғалімнің көмегі – 59%

Д) қосымша сабақтар -24%

А) оқу материалын түсінбеу 24%

Б) жалқаулығым – 47%

В) уақыттың жетпеуі -18%

Д) ештеңе кедергі емес – 11%

А) мұғалімнің көмегі -24%

Б) психологтың көмегі -6%

В) ата-ананың көмегі -24%

Г) өзімнің дайындалуым -24%

(жауаптар нұсқасы - көмекші мұғалімдер – 11. Тепе-тең -6)

А) тек оқулықтар -29%

Б) қосымша әдебиеттер -35%

В) ҰБТ арналған тестер -53%

Г) интернет-ресурстары – 29%

А) дөңгелектерді бояу-6%

Б) қиын сұрақтар-29%

В) пән бойынша білімнің төмендігі -53%

А) иә -88%

Б) оқуда кедергілер бар -6%

В) материалдық мәселелер -0%

Г) отбасылық жағдай- 6%

Д) жоқ, жүзеге асыра алмаймын -0%

А) қайда барып оқу -35%

Б) қандай мамандықты таңдау -29%

В) мектепте, жоғарғы оқу орнында емтиханды жақсы тапсыру үшін қалай дайындалу керек-24%

Г) таңдаған мамандығың бойынша қандай оқу пәніні таңдаған дұрыс -18%

Д) мамандықтар бойынша ақапаратты қайдан алу керек – 11%

А) 1-2 сағат -41%

Б) 2-3 сағат -53%

В) 3-4 сағат -6%

Д) 4 сағаттан артық -0%

 

11-сыныптардағы қобалжуды зерттеу

11 «А» сынып оқушыларының қобалжу сәттерін зерттеудің деңгейін анықтау

Жоғары деңгей -0%

Орташа деңгей -37%

Төменгі деңгей -63%

11 «Б» сынып оқушыларының қобалжу сәттерін зерттеудің деңгейін анықтау

Жоғары деңгей -11%

Орташа деңгей -47%

Төменгі деңгей -42%

11 «В» сынып оқушыларының қобалжу сәттерін зерттеудің деңгейін анықтау

Жоғары деңгей -6%

Орташа деңгей -53%

Төменгі деңгей -41%

 

11-сыныптардағы стресстік жағдайдың деңгейін зерттеу

11 «А» сынып оқушыларының қобалжу сәттерін зерттеудің деңгейін анықтау

Жоғары деңгей -0%

Орташа деңгей -31%

Ортадан төменгі деңгей – 69%

Төменгі деңгей -0%

11 «Б» сынып оқушыларының қобалжу сәттерін зерттеудің деңгейін анықтау

Жоғары деңгей -0%

Орташа деңгей -27%

Ортадан төменгі деңгей -73%

Төменгі деңгей -0%

11 «В» сынып оқушыларының қобалжу сәттерін зерттеудің деңгейін анықтау

Жоғары деңгей -6%

Орташа деңгей -25%

Ортадан төменгі деңгей -65%

Төменгі деңгей -0%

 

Жасөспірімнің нәтижелі болуы үшін жағдай жасау

-         Баланың жетістігі қандай бастаулардан басталатындығын түсіну,

-         Таңдау жасаудағы жек ұстанымдар.

-         Өз күшіңе сенімді болуға әрекеттену.

-         Өзіңнің адами қасиеттеріңді нақтылау

-         Басқа адамдардың көмегін қажет ететін жақтарыңды анықтау, көмек сұрауда арланбау

Қобалжуды жоюдағы ұсыныстар:

  • Міндетті түрде өзіңнің қобалжуларыңмен бөлісу.
  • Өзіңе ләззат әкелетін іс-әрекеттерді жасауға әрекеттену.
  • Ұйқыны тынықтырып, дұрыс тамақтану.
  • Өзіңді сергек ұстауға арналған жұмыстарды жасау (душ қабылдау, серуен, дене шынықтыру жаттығулары).
  • Жылаудан қорықпау
  • Жағымсыз әрекеттерді қалыпты жағдай ретінде қабылдау.
  • Қарым-қатынаста қысымшылық жасамау, үрей, қорқыныш туғызбау.
  • Өзіңе сенімсіздік пайда болған сәттерден бастап қолдау табуға тырысу.
  • Өз-өзіңді басқаруға арналған дағдыларды қалыптастыру.

Антистресстік тамақтану

Адамның миы дене мүшесі салмағының 2-3% құрайды., біздің күнделікті тамақтаныуымыздың 20% миға кетеді.

Есте сақтау қабілетті арттыруға – сәбіз

Қысым мен шаршауды басу – пияз

Төзімділікке – жаңғақ (жүйке жүйесін қатайтады)

Қобалжуды сейілтіп, көңіл–күйді көтеруге - ащы бұрыш, құлпынай, банан

Жүйкені ретке келтіретін –қырыққабат

Ми клеткаларын қоректендіретін, қан айналым жұмысын жақсартатын – теңіз балықтары мен таңқурай

Мидың жақсы жұмыс жасауын жақсартатын – ет және балық

Жұмыс жасауды арттыратындардың қатарына жатпайтын - қант

Таза қант болып келмейтін қанттың элементтері бар қақ жемістері, жаңғақтар, шемішке, ащы шоколад мидың жұмыс жасауын арттырады.

Балық майы кездесетін капсулаларды ішу емтихан алдындағы қобалжуды басады. Дәрігерлердің нұсқаулары бойынша қолдану керек. Емтихан алдында көкөністер қосылған теңіз балығын жеп, ащы шоколадпен (30 г) кофе ішкен дұрыс.  

 


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год