Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1521
  • Осы аптада 256
  • Кеше 11
  • Бүгін 5
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Мектеп психологы – Мансурова Самал Мукашевна. 
Тел.: 87018546244
E-mail: Samal.mansurova@mail.ru

 

Жұмыс кестесі: сағат 9.00-17.00
Сенбі күні сағат 9.00-14.00

 

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына жадуал

Ата — аналарға бала мінез — құлқындағы қиындықтарды жеңу заңдары ұсынылады.

1 — Заң: Баланың есі кіріп,есейген уақытында талап қою мен тыйым салу кеш. Оған ақырындап, шыдамдылықпен айту керек.

2 — Заң: Тыйым мен талаптар шектеулі, көп болмауы қажет.

3 — Заң: Тыйым мен талаптар баланың маңызды мұқтаждығына қарама — қайшы болмауы қажет.

4 — Заң: Тыйым мен талап балаға түсіндірілуі қажет.

5 — Заң: Тыйым мен талап сабырлы, байсалды үнмен айтылуы керек.

6 — Заң: Тыйым мен талаптар ата — аналар тарапынан бірыңғай, біркелкі болуы қажет.

Балаларымыздың жүріс — тұрысындағы, мінез — құқындағы проблемалардың түпкі — төркінінің себебі өзімізде тұрған жоқ па? — дептүсінугеболады. Өзбаламызға: менсеніжақсыкөремін, менсеніменбіргемін. Біргебізбарлығындажеңеміз! — деукерек.

Шешімі:

Баланың теріс әрекетке баратын себептерді әрдайым бала тәрбиесінде ескеру.

Бала мінез — құлқындағы қиындықтарды жеңу заңдарын қолдану.

Тәрбиені мектеппен бірлесе іске асыру.

 


    Мектеп және отбасы

         Экономикалық тұрақсыздық, тұрғындардың әлеуметтік бұрыс бағдары, көптеген отбасылардың материалдық жағдай туралы уайымы балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бала дамуының қай жағын алсақ та, әрқашан осы үрдістің тиімділігінің негізгі рөлі отбасыға байланысты.
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРЫ – КӘМШАТ ТАБАРОВА
          Отбасы – әртүрлі жастағы ұжым, бала бірінші күннен бастап оның бір мүшесі болып табылады. Отбасы ұжымы, салт-дәстүрі, адамгершілік және құқықтық нормалары бар күрделі құрылым. Отбасындағы қарым-қатынас оның психологиялық ахуалын анықтайды. Осында баланың әлемді, адамдарды өзін-өзі танып білуі қалыптасады. Осында ол білім және әртүрлі саладағы дағды мен біліктілікті , ең бастысы адамгершілік қатынас, қарым-қатынас саласындағы дағдыларды табады. Баланың қандай болып өсуі отбасындағы жағдайға байланысты.
         Отбасындағы жағдайлар балаларды да ойландырады. «Өмірде ең бастысы нені қалар едіңіз?» деген сұраққа жасөспірімдердің 65 пайызы «Жақсы отбасыны қалар едік» деп жауап береді
    Отбасындағы тәрбие дағдарысы мектептегібалалармен педагогикалық жұмыстардың қиындауында ғана емес, олардың ата-аналарымен жұмыстың қиындығында. Ата-ананы балаларына дұрыс білім беруі толғандырады.
Ата-ананың қорқынышы:
-      Баласының жақсы білім ала алмауы мен өмірде өз орнын таба алмайды-ау деген қорқыныш, баланың қабілеті мен жағдайы мүлде толғандырмайды.
-    Баласын мектепте ренжітеді деген қорқыныш. Сондықтан ата-анамен мектепте жұмыс жүргізілуі қажет.педагогикалық ұжым мен ата-ананың негізгі міндеті – бірін-бірі түсінуі.
Бүгінгі таңда ата-ананың мектеппен және мектептің ата-анамен қарым-қатынасының конструктивті мінездемесін табу қажет. Ата-анамен қарым-қатынастың негізінде мектеп туралы түсінік және ол не істей алады, оның мүмкіншілігінің шегі қандай екенін түсіне білуі қажет.
          Мұғалім Қашанда отбасы үшін бала тәрбиесі туралы ғылыми білімнің негізі болған, мұғалім ғана ата-анаға баласы нашар оқыса, кеңес бере алатын мұғалім ғана ата-анаға өз баласын түсіне алуына көмектеседі.
          Бүгінгі таңда осының бәрін педагогикалық журналдар, газеттерде, кітаптардан табуға болады. Бірақ, қандай да болмасын кітаптар журналдар, мақалалар ата-анаға көмек көрсете алдмайды. Көмекті мұғалім ғана бере алады. Мысалы, бастауыш және орта мектеп жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ата-ана мен мұғалімнің күнделікті қатынасын талап етеді.
         Ата-ананың мұғаліммен итікелей қарым-қатынасына баға жетпейді, өйткені, ата-аналар жиналысы керекті әсер бермейді. Соңғы уақытта көптеген сынып жетекшілерге ата-аналар жиналысын өткізуі ауыр және ұнамсыз болып кетті. Өйткені ата-аналар жиналысына келетін ата-ана саны өте аз.
         Біздің мектептің ата-аналарына мектепке қанша рет келесің деген сұрақ қойылды.
         1-4 сыныптардағы жауаптар: «Кез-келген ыңғайлы уақытта»
         10 сыныпта: «ата-аналар жиналысымен шектелемін»
Бұл жағдаятты өзгертуге бола ма?
Иә. Еер мектептің отбасымен жұмыстың формалары мен әдістерін өзгертсе.
         Біздің педагогикалық ұжым ата-анамен жұмысты жоспарлай отырып, мына мақсаттарды іске асырады:
1) Ағартушылық – баласының өзгеруін көре алуын;
Ата-ананың өзін оқытып, тәрбиелеу қажетті, біріншіден баланың өзіне керек;
2)Кеңестік – қоғамдық және оқу дағдыларын алу үрдісінде балаға жақсы әсер етуіне қажетті психологиялық-педагогикалық әдістерді іздеу;
3) Коммуникативтік – отбасында ата-ана мен баланың қарым-қатынасының мәдениетін байыту;
       Осы міндеттерге сәйкес, өткен оқу жылында ата-анамен жұмыстың әртүрлі формалары өткізілді. Ол конференция, «Ашық есік күні», консилиум, тренингтер, практикумдар, ата-аналардың белсенділіктеріне қарағанда, оларды немқұрайлы қалдырған жоқ. Көбі ашық сабақтарда көрді. Ол ата-ана үшін де, мұғалімдер үшін де өте пайдалы.
         Практикумдар ата-аналардың педагогикалық дағдыларын шығару үшін көзделді.
       Дискуссиялар – педагогикалық мәдениеттің көтерілуінің қызықты формалары.
        Оқу жылында ата-аналар сұранысы бойынша, мамандарды шақырып жеке тақырыптық кеңестер өткізді. Кеңестер екі жаққа да пайдалы. Екі жақ ақпаратпен ауысып, бірыңғай келісімге келіп, мәселелердің шешу жолдарын табар.
         Осындай дәстүрлі емес жұмыстарды өткізу нәтижесінде ата-ана мен мұғалім қарым-қатынас жүйесін баламен диалог өнері ретінде қарастырады деп ойлаймын. Олардың бала игілігі үшін одағы әр баланың күшті жақтарын анықтап, қателіктерді жоюға мүмкіндік береді.
 «Баламен қарым-қатынас- проблемаларды шешу» психологтың ата-аналарға беретін кеңесі.
         1-кезең. Баланың проблемасын естіңіз, оны тыңдаңыз. Проблеманы шешу үшін ортақ ізденіс жасаңыз.
        2-кезең. «Не істеуіміз керек?» деген сұрақтан басталады. Осыдан кейін баланың өз шешімін тыңдап, содан кейін өз шешіміңізді ұсыныңыз.
         3-кезең. Ұсынылған шешім бағалары мен ең тиімдісін таңдау. Шешімнің әр нұсқасы бірге бірге талқыланады. «Екі жақ» бір-бірінің шешімін сыйлайды. Ең жақсы шешімді бірлесе таңдайды.
       4-кезең. Қабылданған шешімді детализациялау. Мысалы, отбасының барлық мүшелері баланы «ересек» деп санасын, енді ол өзі ерте тұруы керек, таңғы асын өзі ішіп , мектепке өз іжиналуы керек делік. Бұл анасын көптеген шаруадан босыатып, ұйқысын қандырып тұруға мүмкіндік береді. Бірақ бір ғана шешім аз. Мүмкін бірінші күндері баламен бірге тұрып үйрету керек болар. Балаға сағатты беріп өзі оянуын үйрету керек. Бірінші күні тамақтың қай жерде тұрғанын көрсетіп, қалай жылыту керек екенін көрсету қажет болар. Осы жағдай бойынша «екі жақты келісішартқа» отыру шарт болар.
         5-кезең. Шешімді орындау. Бақылау.
         Егер балаға күнделікті бір нәрсені істесе, (ыдыс-аяқ жуу, нан сатып алу, т.б.,) бірінші күндерде дұрыс болмауы мүмкін. Ол үшін балаға қатаң ескерту жасаудың қажеті жоқ, керісінше, бірнеше күн күту керек. Ыңғайлы күні , уақыт болғандаі сұраған жөн. «Халің қалай?», «Бәрі жақсы ма?». Осы сұрақтарға баланың өзі жауап берген жөн.
Осы әдісті қалай бастау керек?
Оның отбасындағы жағдайы туралы айту.Негізгі көңіл нені талап етеді? Ең астысы сіз баланың жағында болуыңыз керек. Сіздің негізгі көмекшіңіз белсенді тыңдау. Егер үлкен адам баланы белсенді түрде тыңдаса, шиеленіс болмайды. 
 
Ата-ана махаббаты және оның бала тәрбиесіндегі рөлі
          Әлемде баласына ұрысқысы келетін ана жоқ. «Мен бүгін баламаайқайлаймын, ұрысамын» деп ана ойламайды.
         Керісінше! Ана бүгінгі күнді жақсы, шусыз блуын тілейді. Бірақ та, осынадй жақсы пиғылдарға қарамастан, баласына айқайлайды. Ешкімге керек емес ата-анамен мен бала арасындағы соғыс қате басталады.
         Балаға ол қатты әсер етеді. Өз баласының проблемасына түсінікпен қарау керек. Баланы жақсы көру керек, әке мен шеше оның бақытты болуына жауапты.
         Құрметті ата-аналар, балаға деген махаббатты қалай түсінесіздер?
         Барлық балаға деген махаббат 4 түрге бөлінеді: көз қатынасы, түйісу, көңіл аудару, тәртіп.
         Әрқайсысы өте маңызды. Неге? Оны біз кейін талқылаймыз.
 
Көз қатынасы
     Көптеген адамдар баламен қарым-қатынастың шешуші факторы көз қатынасы екендігін сезіне бермейді.
         Көз қатынасы бір-біріңе қараған кездегі уақыт. Сіздің көзіңізге тура қараудан қорқатын адаммен тілдесіп көрдіңіз бе? Бұл біздің оған деген қатынасымызды өзгертеді. Бізге тура, күлімсіреп қарайтын адам ұнайды. Баланың көзіне тура қарасақ, сонда ғана ол мұқият тыңдайды.
     Сіздің көзіңізден әрқашан махаббат ұшқыны білінуі керектігін ұмытпағайсыз.
         Көптеген ата-ана баласына қатал көзімен қарайды, ол дұрыс емес.
 
Түйісу
      Әлеуметтік педагогикада мынадай факт көрсетілген: зерттеулер көрсеткендей, көптеген ата-ана баласын киіндіргенде, автобусқа отырғызғанда т.б. түйіседі. Баламен кез-келген түйісу, мысалы. Қолын алу, құшақтау, басын сипау, шашын ұстау т.б. болуы мүмкін.
         Әсіресе, мұндай түйісу ұл балаға керек, оның 7-8 жасқа дейін дамуына қажет.
Бала өскен сайын ата-ананың еркелеткенін қажет етпейді. Кейде бала осынадай түйісуді қажет етеді (қорқыныш, қиындық) туындаған кезде.
         Қыз балаға түйісу өте қажет, әсіресе, 11 жаста.
 
Көңіл аудару
Балаға көңіл аудару көп уақытты талап етеді.
         Көңіл аудару дегеніміз не?
         Ұсақ-түйекке алданбай түгел балаға көңіліміз ауу керек, бала ата-ананың махаббатын сезінуі керек.
         Балаға көңіл аудару неге қиын?
         Өйткені ол көп уақытты талап етеді.
         Құрметті ата-аналар, уақыт тауып, баламен бірге болыңыз. Бұл өте маңызды. Жақсы тәрбие уақытты талар етеді.
         Егер де отбасында көп бала баолса, Әрқайсысына уақыт бөлу қиын. Ата-ана баласына бір минутын да қимаса, онда ол ата-ана махаббатын сезіне алмайды.
 
Тәртіп
         Ата-ана махаббатының 4-кезеңі – тәртіп. Кейбір ата-аналар тәртіпті жаза деп ұғады.
         Құрметті ата-аналар, бұл дұрыс емес. Ең бірінші біздің түсінетініміз – ол баланы тәртіпке үйрету үшін , оны жақсы көретінімізді сезінуіміз керек. Егер де махаббат болмаса, бала ата-анаға қарсы шығады, реніш білдіреді.
         Баланы тыңдап, өз эмоцияңызды ұстауыңыз қажет.
          Егер де ата-ана жиі шамданып, балаға ашуланса, алғашында бала шоши бастайды. Кейін ата-ана өз беделін жоғалтып, баланың теріс қылықтарының туындауына жол ашады.
         Баладан жақсы тәртәпті тала ету үшін, баламен мейірімді болу керек.
         Қорыт келгенде, мынаны есте сақтаған маңызды. Егер сіз баланы жақсы тәрбиелегіңіз келсе – әр балаға көз қатынасы, түйісу, махаббат, тәртіп қажет. Бала біздің махаббатымызды, қаталдығымызды сезіну керек.
         Ата-ана махаббатында әртүрлі жақтар бар, оның бірі баласына деген шектен тыс махаббат. Ондай ата-ана баланың әр еркелігін көтереді, қатты айтуға қорқады. Ата-ананың балаға деген шектен тыс махаббаты баланы бұзады. Бала ата-анасымен санаспайды, соңында бала эгоист болып өседі.
         Кейбір ата-ана өз махаббатын жасырып, баласына жылы, мейірімді сөз айтуға қорқады. Осындай отбасында бала тұйық болып өседі. Болашақта ашыла алмайды. Баланың көңіл-күй жағдайы әлемді қалай көруіне байланысты: ата-анасын, үйін, өзін-өзі. Осы көңіл-күй жағдайы болашақ дамудың платформасы болып табылады. Егер, балаға әлем жиіркенішті , қорқынышты болып көрінсе, қорқыныш, уайым пайда болады, олар баланың мейірімсіз жаулары. Егер, біз оны жақсы көрсек, оның жетістігің, тәртібі үшін жақсы көрсек, ол өз-өзіне деген сенімсіздігін жоғалтып, уайымшыл бола бастайды.Өйткені бала өте сезімтал. Барлық бала ата-анасынан сұрайды: «Сіздер мені жақсы көресіздер ме?» - деп.
         Баланың өмірге деген қатынасы, көзқарасы ата-анасының осы жауабына байланысты. 

Үш-ақ нәрсе - адамныц қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек"
АБАЙ.

Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологиялық көмектің бағыттары.

Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. 
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.

Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек. 
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.

Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.

Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

Ата-аналарға кеңес

1. Баланы еңбектің қарапайым түрлеріне барынша ерте тартуға тырысыңыз.
2. Балаға үнемі отбасында өзі жауапты болуы тиіс тапсырмалар беріңіз.
3. Тапсырманы қалай дұрыс орындау керектігін үйретіңіз. Сабырлы түрде түсіндіріңіз, кеңес беріңіз, жұмысына көмектесіңіз.
4. Баланың бастаған ісін соңына дейін тындырғанын қадағалаңыз.

5. Балаға өз еңбегінің нәтижесіне қуанып, рахат алуына мүмкіндік беріңіз.

6. Әрбір ұсақ табысына көңіл бөліңіз, дұрыс бағалаңыз, қызығушылық танытып, бастама көтергені үшін баланы мақтаңыз. Бұл оған өз күшіне деген сенім қалыптастырады.

7. Балаларға өз жұмысыңыз туралы және әріптестеріңзі туралы әңгімелеңіз.

8. Баланы нашар немесе қате атқарған жұмысы үшін жазаламаңыз. Оған өз қатесі мен олқылықтарын өзіне түзеуге мүмкіндік беріңіз.

 


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год