Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

2022-2023 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңесті құру туралы хабарландыру

 

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде, «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК 2022-2023 жылдарға Қамқоршылық кеңесінің сайлауы өтетінін хабарлайды.

Осыған байланысты үміткерлер Қамқоршылық кеңестің құрамы туралы ұсыныстарын sh_17@mail.ru  электронды поштасына жібере алады.

Құрметті ата-аналар, Қамқоршылық кеңесті құру бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз.

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлердің жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады.

Конкурстық өтінімдер хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша 50-17-25 телефонына хабарласуға болады

 

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.

 

  "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      1) "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1387) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) № 501 бұйрығы;

      2) "Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) № 715 бұйрығы.

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  

2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы

      Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

      Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

      Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

      Тірек мектептерінде (ресурс орталығы) құрылған Қамқоршылық кеңес өкілеттігі оған бекітілген шағын жинақты мектептерге де таратылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

      Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі

      14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

      2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

      3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

      4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

      6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

      7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

      9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

      10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

      11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

      Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

      Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысуға жіберіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.       22. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;

      2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.

      1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;

      2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

      3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;

      4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

 

5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

      2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

      1) өз бастамасы бойынша;

      2) отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 
 


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год