Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Орта білім беру мекемесінде
 Қызметті жеткізуші немесе білім
алушылардың тамақтануын
ұйымдастыру қызметін жеткізушісін таңдау
конкурсының типтік құжаттарына
3 қосымша

  

 

Астана қаласы Білім басқармасының «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінің жеткізушісін таңдау конкурстық құжаттарына техникалық тапсырмалар

       1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет. Осы техникалық тапсырмада Астана қаласы Білім басқармасының «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметіне сәйкес келетін сапалық және сандық сипаттамалар берілген.

Тамақтану 1005 оқушыға жергілікті бюджет есебінен  38070465-30 (отыз сегіз миллион жетпіс мың төрт жүз алпыс бес ) теңге 30 тиын (ҚҚС есебісіз) сомасындаұсынылған. Астана қаласы Білім басқармасының «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметіндегі басты мақсаты мен міндеттері тағамдық заттар мен қуаттағы жас шамасына қарай физиологиялық қажеттілікке сәйкесоқушыларды рационалды тағаммен қамтамасыз ету.

     Оқушыларды тамақтандыруАстана қаласы Білім басқармасының «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының» асханасында жүзеге асырылады.

Қызмет жеткізуші жұмыс істеу блогының жұмысын, персоналдарды басқарады, тамақ дайындау технологияларын сақтауды қамтамасыз етеді, тамақтарды салу, порциялардың шығу нормасын, азық-түлік пен тағамның оқушыларға берілуі, жеткізілетін азық-түліктің сапасын бақылау, оларды алу мен сақтау ережелерін сақтау.

Тағам блогындағы және өндіріс пен қойма бөліміндегі санитарлық-эпидемиялық және       гигиеналық ережелердің сақталуын Жеткізуші қамтамасыз етеді.

Тамақты тарату алдында мед.қызметкердің күнделікті дайындалған тағамды сынауға алып, бракераждық журналға белгілеуіне жеткізуші жағдай жасайды.

Тағамның, тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің  тұтынылу ерекшелігі, олардың органолептикалық ерекшелігі, оларды дайындау технологиясы мен жағдайы балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі Евразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес болуы шарт.

«Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының» асханасына мектептерді тамақтандыру базалық ұйымынан тағамдарды жеткізу жағдайында қажетті температураны сақтайтын арнайы ыдыстар қолданылады.

Оқушыларға ыстық тамақпен тамақтандыру  директор орынбасары Н.Ж.Колбаевамен бекітілген оқушыларды тамақтандыру тәртібіне сәйкес, бірінші ауысым 9:35 ч (2қоңырау), 10:30 (3қоңырау) өткізіледі.

     Санитарлық эпидемиялық талаптарға сәйкес буфет тағамдарын сатуға жағдай жасалынады.

       Дайын аспаздық өнімдерді сату 9:00-дан17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Директор орынбасары Н.Ж.Колбаеваға жеткізуші ай сайын сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қосымшасы ұсынылған оқушылар үшін дайындалатын тағамдар тізбесін ұсынуы қажет.

         Тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық амандығы аясында мелекеттік орган ведомствасының аймақтық бөлімшесімен келісілген шығарушы өнімнің сұрыпталған тізбесін бекітеді.     

     Қызмет жеткізуші тағамдарды дайындау технологиясы мен тамақтың құнарлылығын сақтау технологиясына сәйкес тамақтың дайындалу картотекасын ұсынады.

         Тамақты дайындау тағам картотекасын қолдану арқылы жүзеге асырылады, онда азық- түліктерді таратып салу, тағамның шығарылуы, тамақты дайындау технологиясы туралы мәліметтер, әр тағам бойынша оның құрамы мен құнарлылығы, энергетикалық құндылығы көрсетіледі.

Асхананың тағамханасынада тамақ дайындау мен аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

         Тағамханада Санитарлы-эпидемиологиялық заң талаптарнына сәйкес құжаттар болуы шарт (тамақ өнімдері мен азықтық шикізат , дайын аспаздық өнімдердің бракераж журналы, денсаулық журналы, дәрумендендіру журналы, мұздатқыш құрылғыларының температурасын есепке алу журналы, ас мәзірі, дайындайтын тағамның технологиялық картасы, тағам өнімдерінің кіріс құжаттары, түскен өнімнің сапасын растайтын құжат, (тауар алу құжаты, сәйкестікті растаушы сертификат, сапа куәлігі, ветеринарлық –санитарлық экспертиза, пікі-ұсыныс кітабы және т.б.)  

          Тағамхананың әрбәр жұмыскерінің жұмысқа жіберілген рұқсаты бар медицина кітапшасы жеткаізушіде болады.

     Жеткізуші мұздатқыш пен санитарлық –техникалық құрылғыларды уақытында мемлекеттік тексеру мен олардың дұрыс жұмыс атқаруын, азық-түлік өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етеді

         Отандық өнімді қолдау барысында 80 пайыздан кем болмайтын өнімді қолдануы шарт.

  1. «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы» ММ–нде оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша сапалы қызмет көрсету мақсатында әлеуетті жеткізуші келесі құжаттарды растауы шарт:

 1)    Жұмыскерлердің медициналық кітапшасының болуы;

2)    2014 жылдан бұрын емес алынған ыдыстардың санитарлық нормаға сәйкес жуатын және зарарсыздандыратын жуғыш заттардың болуы;

3)    Ыдыстар мен асхана құралдары (бір орынға 2 комплектіден аз болмауы);

4)    Дайын тағам сапасын белгілейтін бракераж журналының болуы, тағамхана жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын бақылайтын журнал, мұздатқыш құрылғыларының температурасы тәртібі жураналы;

5)    Жедел медициналық көмек көрсету қорабының болуы, 2016 жылдан бері алынған өрт сөндіруші құрылғының болуы;

6)    Азық-түлік қоймасының болуы;

7)    Штатта келесі мамандар болуы шарт: жоғары білімді мамандар: диетолог, технолог, аспаз.

8)    Зық-түлік жеткізуші мамандандырылған автокөліктің болуы, жүргізуші-экспедитордың жеке медицина кітапшасы болу керек.

  1. Мекемеде сапалы қызмет көрсету мақсатында әлеуетті жеткізушінің міндеттері:

1)    Санитарлық- эпидемиялық мемлекеттік саласының шығарылған өнім сұрыптамасына сәйкес оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.

2)    Сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізу, растайтын құжаттардың болуы;

3)    Кеңсе мен құрылғыларды тиісті түрде санитарлық ережелерге сәйкес ұстау, құрылғылар істен шыққан сәтте жөндеу жұмыстарын өткізу.

4)    Тез бұзылатын тағам өнімдерін саниттарлық ережедерге сәйкес сақтау;

5)    Тағамханада күнделікті дайын тағам сынамасын қалдыру, қажет жағдайда зертханалық бақылауға алынуы мүмкін.

6)    Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары тиісті актіге сәйкес жүргізілсін.

7)     Дайын тағамның сапасын  органолептикалық бақылау жұмысын тағамхана жұмыскері мен мекеме медқызметкері жүзеге асырады.Нәтижесі бракераж журналына тіркеледі.Порция шығысы ас мәзіріне сәйкес болуы шарт, ережелер бұзылған жағдайда , түзету жұмыстарын бітіргенше жұмысқа жіберілмейді.

8)    Жұмыс алдында медқызметкер тағамхана жұмыскерлерін тексеру жұмыстарын өткізеді: тері ауруының болмауы, дененің ашық болмауы, ангина, жоғары демалу жолдары ауруының болмауын бақылайды.

9)    Тез бұзылатын тағамдарды сақтау жағдайын қамтамасыз ету мақсатында мұздатқыш құралдарының температура режимін қадағалау.

Асхана құралдары (қасық, шанышқы, пышақ) тот баспайтын металлдан жасалуы шарт.

10)  Ас үй мен асхана ыдыстарының деформациялануына жол бермеу.

11)  Жұмыскерлерді мамандандырылған киіммен, оны жуу, жөндеу, ауыстыру жұмыстарымен қамтаамсыз ету.

12)  Оқушыларға тыйым салынған тағамдарды (газдалған, алгольсіз энергетикалық сусындар, чипсы, сухарик,генетикалық түрлендірілген өнім, сағыз т.б.) беруге жол бермеу

 13) Қызмет көрсету алдында санитарлық-эпидемиологиялық органдардан нысанға қызмет көрсету үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алу.

 14)   Келісімшартты бұзу негізі берілген шарттарды орындамау болып саналады.

 15)  Технолог, диетологтың, аспаз, ас үй жұмысшысының, ыдыс жуушының қызметтік нұсқаулары болуы керек.



Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год