Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Мемлекеттік рәміздері

Мектеп формасы


Опрос

Ауа-райы

Статистика

  • Осы айда 1522
  • Осы аптада 257
  • Кеше 11
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ



   Бірінші байлық – денсаулық дейміз.  Денсаулық- тән, руханижәнеәлеуметтікигіліктіңжиынтығы. Дененіүнеміширықтыру, шынықтыру, сананыңсападеңгейінкөтеру, интеллектөрісінбиіктету, рухыңдышыңдау - бәрідеденсаулыққақызмететедідесекқателеспейміз.

    Қазіргіуақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерінтигізуде.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әлауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өзөмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақтыдамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмірсалтын мұраттұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтынын таландыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Оқушылардың салауатты өмірс алты. Адамның денсаулығы көптеген факторларға байланысты – ішкі және сыртқы, табиғи және әлеуметтік, ғарыштық және әлемдік және т.б. Адам үшін осылардың кезкелгені айқындаушы болуы мүмкін, бірақ қоғамдық денсаулық деңгейін анықтайтын факторлардың әсері келесі үлгіретінде бөлінеді:

- Тұқым қуалаушылық (биологиялықфакторлар) — денсаулықты 20% анықтайды

- Сыртқы орта жағдайы (табиғижәнеәлеуметтік) — 20% - ға

- Денсаулық сақтау жүйесінің қызметі— 10% - ға

- Адамның өмір салты— 50% - ға

Адамның денсаулық факторын анықтайтын ең манызды фактор, оның өмір салты, яғни еңбек және демалыс тәртібі, қозғалыс мәдениеті, дене және ойлау белсенділігі, тамақтануы, шыңығуы, қарым –қатынас және тілдесу мәдениеті, жаман әдеттері және т.б. Адамда өмір салты балалық шақта қалыптасады, бала қатысты социуммен этнос, отбасылық дәстүрлермен салттарды көрсетеді. Өмір салты баланың денсаулығын дамыту және сақтауға мүмкіндік береді (бұл жағдайда САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ туралы айтқанда), керісінше адам денсаулық потенциалын төмендетуге итермелейді, оның генетикалық алдынала ӨМІРІНІҢ ұзақтығын қысқартуға себеп болуы мүмкін.

Оқушылардыңсалауаттыөмірсалты. Ата-аналардыңесіне:

- өмірсалтыжасерекшіліктіболуыкерек;

- өмір салты энергетикалық қамтамасыз етілген болуы керек;

- өмір салты нығайтушы болуы керек;

- өмір салты ырғақты болуы керек;

- өмір салты эстетикалық болуы керек;

- өмір салты адамгершілікті болуы керек;

- өмір салты ерікті болуы керек;

- өмір салты өзің-өзі шектеуші болуы керек.

 Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда әлеуметтік-педагогикалық технологиялар – бұл балаларды өз еркімен салауатты өмір салтын жүргізуге дайындауға бағытталған, ғылыми дәлелденген қызметтердің әдістері, түрлері, үлгілер жиынтығы енгізілген педагогикалық үрдісіндегі субъектік- субъект қарым-қатынас негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әрекет әдістеріне қосымша ретті мақсатты жүйе.

Алғашқы алдын алу шаралары:

· Адам ағзасындағы зиянды факторлардың әсерін төмендету бойынша шаралар қолдану;

· Салауатты өмір салтын қалыптастыру:

· барлық зиянды факторлардың денсаулыққа тигізетін әсері туралы халықтың барлық санатының білім деңгейін жоғарлатуға бағытталған үнемі қозғалыстағы ақпараттық-насихаттау жүйесін құру және қолдау, бұл әсерді төмендететін мүмкіншіліктер мен жолдары,

· санитарлық-гигиеналық тәрбие,

· темекі бұйымдарын қолдану және темекіні шегуді таратуды төмендету, ішімдікті қабылдауды төмендету, ісірткі заттарын және есірткіні қабылдаудың алдын алу,

· дұрыс демалуға үйрету,

· халықты дене шынықтыру, туризм және спортпен шұғылдануға қатыстыру, осы сауықтыру түрлерін қол жетімділігін жоғарлату;

· Алдын алу медициналық тексерулер барысында денсаулыққа зиянды факторларды анықтап, оларды жою бойынша шараларды қолдану;

· Халықтың түрлі топтарына иммунитеттік алдын алуды жүргізу;

· Жарақаттанушылықтың, психологиялық және соматикалық аурулардың дамуының алдын алу бойынша шараларды қалыптастыру;

· Медициналық және медициналық емес шараларды қолдану арқылы денсаулық үшін жағымсыз әсерін тигізетін факторларда болған халықты сауықтыру.

  Салауатты өмір салты – бұл қоғамдық және жеке, әлеуметтік-тұрмыстық, еңбек мүмкіншіліктерін шешудегі ағза мүмкіншіліктерін кең қолдану, салауатты тұқым қуалаушылықты, ұзақ өмірді, рухани және дене саулығын қамтамасыз ететін қоғамдағы өзара қатынас және жеке іс-шаралар жүйесі, табиғат пен қоғамдағы өзара қатынасты, тұрмысты, жоғары еңбек мәдениетін қолдау.

ГРИПП

Грипп (Тұмау) — вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады. Грипп ауру адамнан сау адамға тез тарап, жылдың кез-келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа — 1—2 күндей. Гриптің адамдарға тез жұғып, жаппай тар алуы оның бірден өршитіндігіне байланысты. Грипп эпидемиясы оқтын-оқтын (3—4 жылда) қауырт өршіл, белгілі бір аймаққа, тіпті дүние жүзіне жайылады (мұны панделия деп атайды).

Гриптің қоздырғышы — вирустар; оның бір- неше түрі бар. Қоздырғыштары сырқат адамның мұрын, ауыз, жұтқыншақ кілегей қабықтарында болады да, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде түкірігі не мұрын суы арқылы ауаға тарайды, кейде тұтынған затынан жұғады.

Ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38—39°С, кейде 40°С температураға дейін жетеді. Басы шаншыл ауырып, денесі әсіресе белі мен аяқ буындары сырқырайды, ауру адам бейжай болып, маужы- рай береді, кейде, керісінше, тітіркенеді. Беті мен көзі қызарып, терісі қызады, бусанады. Дене қызуы басталысымен немесе одан біраз уақыт өткеннен кейін түшкірік пайда болып, аузы кеберсиді, кеудесі ауырып, құрғақтай жөтеледі. 3—5 күннен кейін қызуы басылады, бірақ бірнеше күндей әлсіреп, шаршайды, басы айнал ады.

Грипп асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі, кеңсірігі, құлағы қабынып, плевритке т. б. сырқатқа шалдығады. Кейде гриптің салдарынан жүрекбуын,бүйрекми және ми қабықтары зақымданады. Гриптен кейін дәрігердің рұқсатынсыз жұмысқа шығуға болмайды, мұны әсіресе қарт адамдардың мұқият ескергені жөн.

Грипті таратпаудың бірден-бір амалы — сырқатты оңаша ұстау. Оны бөлек бөлмеге жайғастырады, болмаса төсек орнын перделен қояды. Ауру адам жатқан бөлмені дымқылданған шүберекпен сүртіп, жиі-жиі желдетіп тұрады. Еденді жуу үшін хлораминнің немесе хлорлы әктің 0,2 проценттік ерітіндісін (бір шелек суға 1 ас қасығын) пайдаланады. Аурудың ыдыс-аяғы мен сүлгісі бөлек болуы тиіс. Пайдаланылған қол орамалын хлорлы әктің жоғарыда айтылған қоспасына батырып алған дұрыс. Ауруды күтетін адам үтіктелген дәкені 3—4 қабаттал, аузы-мұрнына байлап алады. Әсіресе емшекте баласы бар аналар мұндай шараларды бұлжытпай орындауға тиіс.

Гриппен ауырған адам міндетті түрде дәрігердің бақылауында болып, көбінесе төсекте жатып емделуі, та ма ғы дәмді, жеңіл сіңетін, витаминдері жеткілікті болуы тиіс, ащы тағамдардан бас тартқаны жөн. Сұйық тағамдарды (ыстық шай, құрғақ таңқурай тұнбасы, «Боржоми» қосылған жылы сүт т. б.) көбірек ішкені жөн. Дәрігер келгенше ешқандай дәрі-дәрмекті әсіресе антибиотиктерді пайдалануға болмайды.

Клиникалық белгісі грипп тәрізді көптеген аурулар бар. Бұған мәселен, тыныс алу жолдарының вирусты инфекциялары жатады. Бұрын бұл аурулар әр түрлі аталатын: безгекті қатар, маусымдық катар, жоғарғы тыныс жолдарының қатты катары. Тыныс жолдарындағы вирусты аурулардың ішінде ең көбірек тарағаны — аденовирустыпарагриппозды және риновирусты инфекциялар. Аденовирусты инфекция жоғарғы тыныс жолдарының қатты қатарына ұқсас өтіп, ондайда мұрыннан су ағып, күшті жөтел пайда болады, сырқаттың даусы қарлығады, кейде демігеді, кеме кейі қабынады, коньюнктивитке ұшырап, көздері қызарып, қабығы ісінеді, тамағы бітеді, іші ауырып өтеді, кейде құс ады. Басқа да ауру белгілері байқалуы мүмкін.

ВИРУСТЫҚ ГЕППАТИТТЕР
    Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырдың ортасында ашылған болатын. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асатын болса, С гепатитімен дүние жүзінде млн. шамасы белгілі. Жыл сайын бауыр берішінен (циррозынан) млн. аса адам көз жұмады. Жағдайдың көкейтесті мәселелерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады. Науқас адамның бауыр беріші 3 жылдың ішінде өрбіп, соңында рак ауруына шалдығуына қатер төндіреді. Этиологиялық құрылымы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникасы бойынша және бұл аурулардың соңы өте ұқсас емес. қоздырғышы белгілі бауыр қабынуы ауруының дербес 6 түрін ажыратады.Бауырдың қабынуы вирусы халықаралық классификация бойынша 2 топқа бөлінген:
1. Энтеральды топ –фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады.
2. Ас қорыту жолынан тыс тобы – әдеттегі қанталау инфекциясы – жұғу жолдары – қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне – В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады.
Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді.
Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән.
Бауырдың қабыну вирусының В түрі әр түрлі жолдармен таралатын аурулардың қатарына жатады. Аса көп тараған түрі – жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан түрі. Бауырдың қабыну вирусының В түрімен тіс емханасында, шаштаразда, пирсинг, татуировка жасау кезінде жұқтырып алуға болады – осыған ұқсас салондарда, операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайдаланғанда, сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады.
Балалар үшін В гепатиті өте қауіпті, себебі сәби кезінде өткен аурудың түрі созылмалы ауруға, кейін рак ауруына ауысатын бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Жас кезінде науқастанған болса, солғұрлым созылмалы вирусты тасушы болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилердің 90-95% — да аурудың белгісі білінбейді, сары ауру белгісінсіз және 70-90 % созылмалы вирус тасушы, ал 35-50 % созылмалы түрде болады.
D вирустық гепатит, тек вирустық гепатиттің В түрі болғанда, суперинфекцияны күшейтіп, өрбиді.
Бауырдың қабыну вирусының ауыр түрі болып С түрі немесе қан құюдан кейінгі бауырдың қабынуы болып саналады.
Посттрансфузиялық бауырдың қабынуы — бұл аурудың көбінесе қан арқылы – қан құю кезінде немесе зарасыздандырылмаған егу инесі арқылы өтеді. Жыныс жолдары арқылы бауырдың қабыну вирусының С түрі сирек кездеседі немесе тікелей анадан ұрыққа өтеді. Бауырдың қабыну вирусының С түрі вирустың басқа түрлерімен қосылуында науқастың жағдайы күрт нашарлайды, ауру барысы асқынып, өлім халіне әкеліп соғуы мүмкін. Ғалымдардың осы бағытта бар күшін салып отырғанына қарамай, қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының С түрінің тағы бір қауіптілігі, сау адамды науқас адамнан қорғау үшін әсер ететін вакцинаның болмауында.
Соңында, вирустық гепатиттің G түрі – бауырдың қабыну вирусының соңғы өкілі болып саналады – өзінің белгілерімен ол бауырдың қабыну вирусының С түріне ұқсас болады.
Бірақ, ол біршама қауіпсіз, себебі бауыр қабынуының С түріне тән бауыр циррозының өрбуі және бауыр ісігіне әкеліп соғатын инфекциялық үдерісі G түріне жатпайтынында.
Алайда, бауырдың қабыну вирусының С және G түрінің бірге қосылып өрбуі циррозға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының барлық түрлеріне жетік диагностика жүргізіліп, анықталады және аурудың енді ғана басталу кезінде емделгенде, көп жағдайда жазылатын ауру деуге болады. Алайда, бауырдың қабыну вирусының өрбуіне жол бермей, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерде жүргізілетін алдын алу шаралардың аса күрделі емес талаптарын орындау қажет, тұрғындар мен жеке тұлғаларды дер кезінде вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет
А вирустық гепатиті 
1. АВГ-нің берілу жолдары: 
1) тұрмыстық – қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда);
2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);
3) парентералдық – сирек.
2. Сарғаюдың түрлері – жас бойынша топтар арасында мыналарды құрайды:
1) 6 жасқа толмаған балаларда – 10%-дан кем;
2) 6-дан 14-ке дейінгі жастағы балалар – 40-50%;
3) 14 жастан асқан адамдар – 70-80%.
3. АВГ-нің клиникалық нәтижелері:
1) жіті А гепатитінің 99%-ы аурудан айығады;
2) ауыр, көбінесе өлім-жітімді түрлері, ересектерге тән, кейбір кезде созылмалы В және С вирусты гепатиттерімен сырқат адамдар А гепатитін жұқтырған жағдайда, микст-жұқпасы бар сырқаттарда тіркеледі;
3) сирек кездесетін асқынулар: фульминанттық, холестатистикалық, рецидивтік гепатит;
4) АВГ кезінде созылмалылық болмайды.
4. Зертханалық диагностика. АВГ-нің серологиялық маркерлері:
1) АВГ-ге IgM класы антиденелері (IgM anti-HAV) жіті АВГ жұқпасын көрсетеді және ауырғаннан кейін 6 ай бойы сақталуы мүмкін; сырқаттардың көбі 3 айдың ішінде жазылып кетеді.
2) АВГ-ге жалпы антиденелер (anti-HAV total) бұрын ауырған жұқпаны немесе АВГ-ге иммунитеттің болуын (бұрын ауырғаннан немесе вакцинациялаудан кейін) көрсетеді; сырқаттардың көбісінде өмір бойы сақталады.
А вирустық гепатиттің алдын алу мен бақылау стратегиясы:
1) елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) тұрмыстық-жанасу жолымен берілудің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және басқа оқу орындарында тиесілі санитарлық-гигиеналық жағдайды, ауызсу тәртібі мен жеке бас тазалығын сақтау үшін қарапайым шарттардың жасалуына (сабын, дәретхана қағазы) ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету;
3) санитарлық-гигиеналық талаптарды және техникалық қызметкерлерге жүргізу жүктелген буфеттерді, асханаларды, сантораптарды, сыныптық бөлмелерді және рекреацияларды күнделікті жуып-жинау дұрыстығын сақтауды қамтамасыз ету;
4) оқушыларды мектептің үй-жайларын жуып-жинау үшін тартуға қатаң тыйым салу;
2. А вирусты гепатитінің (бұдан әрі – АВГ) өзіндік алдын алу — вакцинациялау.
3. Вакцинациялауға жататын контингенттер:
1) 2 жастағы балалар;
2) қарым-қатынаста болған күннен кейінгі алғашқы 2 аптада АВГ ошақтарында 14 жасқа дейінгі және оларды қоса алғанда қарым-қатынаста болған балалар;
3) ремиссия кезеңінде В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар.
Вакцинациялау 6 ай аралықпен 2 рет жүргізіледі. Вакцинаны енгізуге жанама реакциялар туғызу тән емес. АВГ-ге қарсы вакциналарды бөлек енгізу шартымен, басқа вакциналармен қатар енгізуге болады.
4. Ошақтардағы іс-шаралар:
1) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдар онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін 35 күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеру, термометрия, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады.
2) Бақылау кезеңінде жаңадан балаларды қабылдау және қарым-қатынаста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі доғарылады. Бұрқ еткен сырқаттанушылық кезінде соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап инкубациялық мезгілде мектеп бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады.
3) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдарды клиникалық айғақтар болған жағдайда қанды биохимиялық анализдерге зертханалық тексеру дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
4) Сырқатты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған қарым-қатынаста болған ұйықтаған жағдайда балабақшалар мен жабық типтегі балалар ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
В вирусты гепатиті
В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін). Сарғаю түрлері болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.
Жұқтыру жолы — парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі.
В және Д вирусты гепатиттерінің алдын алу. 
В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) мен Д вирусты гепатитінің (бұдан әрі – ДВГ) өзіндік профилактикасы — вакцинациялау. ВВГ-ге қарсы вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалыларды қосқанда, В және Д гепатиттерінің барлық түрлеріне жол бермеу.
ВВГ-ге қарсы вакцина:
1) ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина сауыттарда сұйық түрінде, тек В гепатитінен ғана қорғайтын бір немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады;
2) ВВГ-ге қарсы поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қарсы қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен үйлесімді (АКДС-пен немесе гемофильдік жұқпаға қарсы вакцинамен бірге) шығарылады.
Туған кезде алғашқы доза ретінде міндетті түрде ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина қолданылуы керек, өйткені поливаленттік вакциналарды балаларға туылған кезінде енгізуге болмайды.

ТУБЕРКУЛЕЗ

   Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.

Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.

Жұқпа қалай жұғуы мүмкін?

Қышыма — жұқпалы қышыма ауруы. Ол адамның денесіне қотыр жұқтыратын кененің түсуінен пайда болады. Жұқтыру көзі болып табылатын — адам. Кене басқа сау адамға «ауысу» үшін және ауру туғызу үшін міндетті түрде «тері теріге» байланыс болу қажет. Сондықтан басты қышыманың таралу ошағы тар жанұялық ортада, ерлі-зайыптылардың жақындасуларында, сонымен қатар жыныстық серіктес арасында қалыптасады.

Басқа қышыманың мүмкіншілік жолының таралуы: төсек- орын арқылы, киім-кешек, сүлгі, жөкелер, қолғап бұл заттармен науқас қолданғасын, белгілі уақыттардан кейін өзінде өмір сүретін кенелерді сақтайды. Қайталама қолдануда, егер кәдімгі жуылуда өтпесе, таралу көзіне айналады.

Ұйымдастырылған балабақшаларда таралу көзі болып табылатын жазу құралдары, ойыншықтары, спорт бұйымдары және т.б. Санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргінші поездардан жұқтырып алуға болады.

Мұқият душ астында жылы сумен сабынмен жуыну емделудің басы болып табылады (міндетті түрде қайнатылған жөкемен және жуылған сүлгіден кейін) және оның аяқталуынан кейін.

Ішкі киімді және төсек орынды ауыстыру препаратты қолданғаннан кейін бірінші күні мен ем аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек. Қышымаға қарсы препаратты барлық дене түбіне, беттің терісіне, бастың шашты бөлігіне жағылады және сүртіледі, ал 3 жасқа дейінгі балаларға жай ғана сүртіледі және бастың шашты бөлігіне және бетке жағылады, бірақ препарат көзге түспеуі керек.

Қышымаға қарсы препаратты жағу және сүрту кешкі мезгілде тампонды қолданбастан немесе сүртіндіні қолданбастан жағылады, кешкі қышыма кенесінің белсенділігіне байланысты.

Емделуден кейін терідегі қышуды сақтау қосымша спецификалық емді талап етеді және өлі кенелердің ағзадағы реакциясы және өмір сүру тағамдары болып табылады. Қышыма антигистаминдық препаратын тағайындауда және глкжокортикоидами майымен кетіріледі.
Қышыманы жұқтырмауды қалай ескертуге болады?

Бөтен адамның киімдерін, қолғабын, аяқ-киімін, төсек-орындарын, сүлгілерін, жөкелерін қолданбаңыз,
Кездейсоқ жыныстық байланысқа түспеңіз.
Қоғамдық орындардан үйге оралғанда, көлікте жол жүргесін және т.б жағдайда міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Жалаң аяқ душта, қонақүйде және басқа да жерлерде жүрмеңіз.


Өмірбаева
Рәмзия Фаатовна

Директор блогы


Мансурова
Самал Мукашевна

Психологқа сұрақ

МЕКТЕП ЭМБЛЕМАСЫ!

Байланыс

Қабылдау бөлмесі: 50-17-25
Директор кабинеті: 50-17-26
Есепші: 50-17-29
Вахта: 50-17-28
e-mail: sh_17@mail.ru

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай-батыр данғылы 9/1

Іздеу


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год